КІРІСПЕ
Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің бір
саласы.
Еліміздің 2030 жылға дейінгі дамытудың ұзақ мерзімді
стратегиялық бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің
«Жаңа жүз жылдықта еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» атты
халыққа жолдауында ауыл шаруашылығы өндірісін ғылыми тұрғыдан
қамтамасыз ету белгіленген. Бағдарламаның мақсаты – табиғи
ресурстарды тиімді пайдалану, аграрлық- өндірістік кешенде жаңа
технологиялар жасау мен өндіріске енгізу жөніндегі ғылыми
кепілдемелер негізінде Қазақстан халқын қоректік өнімдермен және
еліміздің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісі негізінен екі саланы -
өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Бұл
салаларды қарқынды дамытып қана қоймай, азық-түліктің өзіндік құнын
азайтып, аталған салаларда еңбек өнімділігін анағұрлым арттыра
отырып, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру күн тәртібінде тұрған
мәселердің бірі.
Біздің елімізде өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығының
негізгі саласы ретінде басымдыққа ие. Өсімдік шаруашылығының негізгі
құралы –жасыл өсімдіктер, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдары
қоректік заттардың негізгі көзі болып табылады.
Өсімдік шаруашылығының өнеркәсіп өндірісінен айтарлықтай
айырмашылығы бар.: басты айырмашылығы-маусымдылық(қалыпты
жағдайларда өсімдіктер аязсыз кезеңде ғана өнім беруге қабілетті); өнім
мөлшері мен сапасының топырақ-климат жағдайларына тәуелділігі ;
өсімдік тіршілігіне қолайлы жағдайлар жасауда далалық жұмыстардың
(топырақ өңдеу, тыңайтқыш жүйесін қолдану, себу (отырғызу), егістікті
күтіп-баптау, егінді жинау т.б.) дер кезінде және сапалы іске асырылуы
т.б.
Өсімдік шаруашылығы мал шаруашылығымен тығыз байланысты:
оған ол ірі сабақты, шырынды, құнарландырылған жем азық берсе, мал
шаруашылығынан ол тұрақты және мол өнім алу үшін, әсіресе
құнарлығы төмен жерлерде, органикалық тыңайтқыштар алады.
Қазіргі кезеңде өсімдік шаруашылығы өндірісінде қоршаған
ортаны қорғау, экологиялық таза өсімдік және мал өнімдерін өндіруді
қабыстыра жүргізген жөн. Сондықтан да осы заманғы ғылыми
жетістіктерге сүйенген оңтайлы технологияны қолдану, қоршаған
ортаны қорғау шараларына кепілдік береді. Жалпы қоршаған орта, оның
ішінде топырақ, неғұрлым таза су көздері, мал, өсімдік гендік қорлары,
жануарлар әлемі біздің болашақ ұрпақтарымызға лайықты мұра болып
қалуы керек.
Халықтың өскелең талабы, өнеркәсіптің өркендеуі өсімдік
шаруашылығы өнімдерінің үздіксіз ұлғаюын талап етеді.
7
Өсімдік шаруашылығы саласы өзіне егіншілікті, көкөніс, жеміс-
жидек, жүзім, гүл, шалғындық, орман шаруашылықтарын біріктіреді.
Алайда ғылыми пән ретінде тек қана танаптық (екпе) дақылдарды –
дәнді астық, дәнді бұршақ, картоп, мал азықтық, бақша, талшықты
(тоқыма) дақылдары ж.б. қарастырады.
Қазақстанда соңғы жылдардағы өсімдік шаруашылығының
маңызды танаптық дақылдарының егістік аумағы, жалпы түсімі мен
өнімі төменде келтірілген (Кесте 1).
Кесте
1.
Қазақстандағы
маңызды
ауыл
шаруашылығы
дақылдарының егістік аумағы, жалпы түсімі және өнімі
Дақылдар
Орта есеппен бір жылда
1996-2000
2001-2005
2006-2010
Егістік аумағы, мың га
Дәнді дақылдар
14039,3
14025,4
16377,5
Майлы дақылдар
370,8
544,4
1053,0
Талшықты
дақылдар (мақта
өсімдігі)
120,1
196,5
172,3
Картоп
168,5
163,8
165,3
Қант қызылшасы
(зауыттық)
21,0
16,2
13,9
Өнімнің жалпы түсімі, мың тонна
Дәнді дақылдар
12073,8
15007,2
17263,9
Майлы дақылдар
133,5
353,9
553,6
Талшықты
дақылдар (мақта
өсімдігі)
209,0
428,4
340,9
Картоп
1636,1
2276,8
2488,2
Қант қызылшасы
(зауыттық)
289,8
322,7
224,8
Орташа өнімі, ц/га
Дәнді дақылдар
8,6
10,7
10,5
Майлы дақылдар
3,6
6,5
5,3
Талшықты
дақылдар (мақта
өсімдігі)
17,4
21,8
19,8
Картоп
97,1
139,0
150,5
Қант қызылшасы
(зауыттық)
138,0
199,2
161,7
8
Өсімдік шаруашылығында барынша ауқымды егістік аумағы дәнді
дақылдардың (бидай, арпа, сұлы, тары, жүгері, күріш) үлесінде. Елімізде
жыл сайын 15 млн гектардан астам жерде дәнді дақылдар өсіріледі.
Дәнді астық дақылдарының ішінде бұрынғысынша барынша жоғары
егістік аумағын бидай алып жатыр. Ол жыл сайын 12-14 млн га алқапта
өсіріледі және негізгі бөлігі Солтүстік Қазақстанның облыстарында
шоғырланған. Егістік аумағы және жалпы түсімі бойынша екінші
орынды арпа иеленеді – жыл сайын 1,6-1,9 млн га өсіріліп, жалпы астық
түсімі 1,8-2,1 млн тонна құрайды.
Астық емес дақылдардан елімізде майлы дақылдар кеңінен
өсіріледі (күнбағыс, рапс, қыша, мақсары, майбұршақ ж.б.). Өсімдік
майы тамақ өнеркәсібінде, медицинада, техникалық және басқа
мақсаттарда кеңінен пайдаланылады. Соңғы жылдары, өсімдік
шаруашылығындағы
диверсификацияға
байланысты,
майлы
дақылдардың егістік аумағы күрт өсті. Атап айтқанда, 1996-2000
жылдары майлы дақылдар жыл сайын 371 мың гектар жерге өсірілсе,
2006-2007 жж ол көрсеткіш 715 мың гектарға жетті, ал 2009 жылы – 1,0
млн гектардан асты. Тиісінше майлы тұқымның жалпы түсімі мен өнімі
де артты.
Майлы дақылдардың үлкен егістік аумағы Шығыс Қазақстан,
Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының еншісінде (негізінен
күнбағыс дақылы) және соңғы жылдары майлы дақылдардан рапс
егістігі күрт артып келеді (СҚО, Қостанай, Ақмола ж.б. облыстарда).
Талшықты (тоқыма) дақылдарынан Қазақстанда мақта өсімдігі
өсіріледі (Оңтүстік Қазақстан облысында). Оның егістік аумағы орта
есеппен жыл сайын шамамен 195 мың га жетті, ал мақта шитінің жалпы
түсімі 415 мың тоннадан асты.
Негізгі қант беретін дақыл – қант қызылшасы (зауыттық) еліміздің
Алматы, Жамбыл облыстарында өсіріледі, алайды бұл тәтті түбірдің
егістік аумағы мен өнімі халықтың өскелең талабын қанағаттандырып
отырған жоқ.
Картоп өсімдік шаруашылығы саласының маңызды танаптық
дақылының бірі. Ол азық-түлікке, техникалық ж.б. мақсаттарға
пайдаланылады және Қазақстанның дерлік барлық аймақтарында
өсіріледі, оның егістік аумағы жыл сайын орта есеппен 160 мың
гектардан асады, жалпы түсімі 2389 мың тоннаны құрайды (1-кесте).
Бір айта кетерлік жәйт, елімізде негізгі ауыл шаруашылығы
дақылдарының өнімінің соңғы жылдары біршама артып келе жатқаны
байқалады. Оған қолайлы ауа-райы жағдайлары мен қатар егіншілік
мәдениетінің арта бастағаны, жаңа техника, құрал жабдықтардың
қолданыла бастауы, мемлекеттік қолдаулар да әсер етуде. Дегенмен,
астық, мал азығын және басқа өсімдік өнімдерін өндіру мен олардың
сапасын арттыру мәселесі (проблемасы) баяу шешілуде. Қазақстан
Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған «Аграрлық-өндірістік
кешенді (АӨК) тұрақты дамыту концепциясында» көрсетілгендей,
9
өсімдік шаруашылығы саласында АӨК-ді одан әрі дамыту кластерлік
жүйе есебінен іске асырылуға тиіс: астық өндірісі мен оны тереңдете
өңдеу (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында), күріш
(Қызылорда облысында), мақта (Оңтүстік Қазақстан облысында) ж.б.
кластерлерін дамытудың болашағы зор. Қазақстанның азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды ауыл шаруашылығы
дақылдарының агротехнологияларын жетілдіру бірінші кезектегі
маңызды мәселе болып қала береді.
Достарыңызбен бөлісу: |