Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет30/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   490
Байланысты:
index (15)

Мырзашөл  аймағы

  Мақтаарал  ауданының  игерілген  суармалы 

жерлерін қамтиды. Климаты күрт континенталды, жазы ыстық, ылғал аз 

түседі, аязсыз кезеңнің ұзақтығы – 200-230 тәулік. Аймақта негізінен сұр 

топырақтар кең тараған және мал шаруашылығы басым дамыған. 

Орталық  Қазақстан  (Қарағанды  облысы).

  Осы  заманғы 

жүйелеу  бойынша  облыс  аумағы  бес  агроклиматтық  аймаққа  бөлінген: 

орташа-ылғалды 

және 

орташа-салқын 



ұсақшоқылы, 

орташа-


құрғақшылықты 

жылы 


төбешікті 

– 

жазықтықты 



далалы, 

құрғақшылықты  жылы  далалы,  құрғақ  орташа  ыстық  далалы  және 

ыстық  өте  құрғақ  шөлейтті  далалар  мен  шөлейттер  аймағы. 

Қарастырылып  отырған  облыс  аумағының  ауқымдылығынан  климат 

жағдайларында  үлкен  айырмашылықтар  бар.  Жылдық  температура 

ауытқушылығы  33-40

0

С  құрайды,  жазы  өте  ыстық,  оңтүстігінде  –  ұзақ 



аптап ыстықты, жазда ауа температурасы кейде 40-46

0

С-қа жетеді. Қысы 



суық,  аязды  (температура  кейде  –  45-50

0

С-ға  дейін  төмендейді).  Қыс 



қатал болған жылдары топырақ 2 м тереңдікке дейін қатады, қар қабаты 

әркелкі  –  25-30  см-ден  (орташа-ылғалды  және  орташа-салқын 

ұсақшоқылы  аймақта)  10-15  см-ге  дейін  (ыстық  өте  құрғақ  шөлейтті 



 

19 


далалар  мен  шөлейтті  аймақта)  төмендейді.  Жылы  кезеңнің  ұзақтығы 

(>0


0

С)  190  тәуліктен  (солтүстік-шығыста)  230  тәулікке  дейін 

(оңтүстігінде), аязсыз кезең ұзақтығы 100-ден (Бұхаржырау, Қарқаралы, 

Осакаров  аудандарында)  150  тәулікке  дейін  (Жаңарқа,  Ұлытау,  Шет 

аудандарында)  өзгереді.  Вегетациялық  кезең  ұзақтығы  облыстың 

солтүстік-шығысында  160  тәулікке  дейін,  ал  оңтүстік-батысында  200 

тәулікке  дейін.  Жылдық жауын-шашын  да  біркелкі  бөлінбейді:  орташа-

ылғалды  және  орташа-салқын  ұсақшоқылы  аймақта  –  290-300  мм,  ал 

ГТК>1,0;  орташа-құрғақшылықты  жылы  төбешікті-жазықтықты  далалы 

аймақта  –  250-290  мм,  ал  ГТК  1,0-0,8;  құрғақшылықты  жылы  далалы 

аймақта  –  220-270  мм,  ГТК  0,8-0,6;  құрғақ  орташа-ыстық  далалы 

аймақта  –  220-250  мм,  ГТК  0,6-0,4; ыстық өте  құрғақ  шөлейтті  далалар 

мен  шөлейттер  аймағында  –  100-110  мм-ден  аспайды  (ерекше 

жағдайларда  ғана  150  мм-ге  дейін  жетеді),  ГТК<0,4.  Облыстың 

солтүстігінде  жылдаң  жылы  кезеңінде  150-250  мм  ылғал  түседі  және 

барынша  көп  мөлшері  шілде  айына  сәйкес  келеді;  оңтүстігінде  осы 

кезеңде  65-80  мм  түседі,  бірақ  ең  жоғарғы  мөлшері  ертерек  мерзімге 

ауысады.  Аязсыз  кезеңнің  орташа  ұзақтығы  89-98  тәуліктен  (Ақтоғай, 

Қарқаралы  аудандарының  солтүстік  бөлігі)  155-169  тәулікке  дейін 

(Бетбақдала,  Қарақұм  өңірінің  оңтүстігі)  өзгереді.  Облыстың 

солтүстігінде  бозқыраудың  соңы  ең  ерте  болғанда  сәуірдің  соңы  – 

мамырдың үшінші бескүндігінде, ал ең кеш болғанда – маусымның 8-25 

жұлдызында  аяқталады,  ал  облыстың  оңтүстігінде  –  тиісінше  3-19.04 

және  25.05-13.06  жұлдыздарына  сәйкес  келеді.  Облыстың  жер  бедері  – 

ұсақшоқылы,  топырақтары  негізінен  кешенді  сипатта  және  6  типшелер 

аймағына  бөлінген:  қаратопырақтар,  күңгірт  қара-қоңыр,  қара-қоңыр, 

ашық қара-қоңыр, қоңыр (құба) және сұр-қоңыр (құба) топырақтар.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет