7-қағида
Жақындарыңды тірі күнінде бағала, сезіміңді білдір.
Кейін кеш болып қалуы мүмкін.
Жақындарыңды тірі күнінде бағала, сезіміңді білдір.
Кейін кеш болып қалуы мүмкін.
Қарбалас тірліктің қамымен жүріп, жақындарымыздың қадірін
білмей
жатамыз.
Өз
проблемаларымызға
басымызбен
кіріп
кеткеніміз сонша, ата-анамыздың қал-жағдайын сұрауды ұмытып
кетеміз.
Сыртта
өзгелерге
көрсеткен
ілтипатымызды,
сыпайылығымызды
үйге
келгенде
жақындарымызға
көрсете
алмаймыз. Соңғы рет "анашым, әкешім, мен сіздерді жақсы көремін,
берген тәрбиелеріңізге мың алғыс!" деп қашан себепсіз айттық екен?
Соңғы рет жақындарымызды қашан себепсіз құшақтап, сүйдік екен?
Иә, біздің менталитетте бұлай ашылып сезім білдіру жоқ десе де
болады.
Эмоциямызды
көрсетуге
қиналамыз.
Бір
түрлі
ыңғайсызданамыз. Бұндай көріністі тек кинодан ғана көруге болатын
сияқты. Бірақ жақындарымызға бұндай сөздер, көңіл бөлуіміз қалай
әсер ететінін білсек қой..Ерекше жылы сезім сыйлайды. Жүректерін
жібітеді. Өз басым ата-анаммен ашылып сөйлесе алам дей
алмаймын. Арада бір барьер бар сияқты. Бірақ сонда да ол кісілер
жанымда жүрген кезде алғысымды айтып, сезімімді білдіруге
тырысам.
Бастапқы
кезде
"сіздерге
берген
тәрбие,
қамқорлықтарыңыз үшін үлкен рақмет! Мен сіздерді жақсы көрем!"
деп айтуға қиналатынмын. Айтсам да, жасанды естілетіндей еді. Бірақ
бұл іс әдетке айналған соң, жүрекжарды сөздерім шынайы шығатын
болды. Арада ерекше сүйіспеншілік орнағандай. Үйден шығарда
соңғы рет көріп тұрғанымдай, сүйіп, құшақтауға тырысам. Себебі,
жақындарымнан айырылып, "неге тірі күнінде қадірін қадірін
білмедім?" деп өкінгім келмейді. Олармен өткізген әр күнімнің
бағасын білсем деймін.
Ажал айтып келмейді. Бәріміздің бір күні өмірден өтетініміз ақиқат.
Жалған дүниенің дүрмегіне бой алдырмай, жақындарымызды тірі
кезінде бағалайықшы, жақсы көретінімізді жиі айтып тұрайықшы.
15
|