Жылда қалыптасқан қағида Данияр Жігітбек Алматы, 2017 26


-қағида Өз-өзіңді өзгертпесең, өміріңде ештеңе өзгермейді



Pdf көрінісі
бет9/27
Дата06.02.2022
өлшемі0,78 Mb.
#79156
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
26 жылда қалыптасқан 26 қағида

8-қағида
Өз-өзіңді өзгертпесең, өміріңде ештеңе өзгермейді.


Өз-өзіңді өзгертпесең, өміріңде ештеңе өзгермейді.
Осыдан 5-6 жыл бұрын ұзақ созылған бір ауруға душар болдым. 1
жылдай қиналған шығармын. Ас қорыту жүйесінің ауруы. Өт
асқазанға түсіп, одан әрі өңешті қабындыра бастаған екен. Кішігірім
ота да жасаттым. Дәрігер бір дәрілер жазып берді. Көмектеспеді.
Ораза айы келе жатқан болатын. "Ендігәрі мүлдем ораза ұстауға
болмайды" деп ауыз бекітуден тыйып тастады. Көңілім түсіп,
өмірімнің соңына дейін ораза нығметінен мақұрым қалдым ба деп
салым суға кетті. Алладан "шипа бере гөр" деп дұға жасап, сұрай
бердім. Бірақ ауруым кетпеді. Құр сұрай бермей, әрекет ету керектігін
түсіндім. Құрандағы "Бір қауым өзін-өзі өзгертпейінше, Алла олардың
жағдайларын
өзгертпейді"
деген
сөздер
есіме
түсті.
Содан
ауруымның себебін зерттей бастадым. Негізі кез келген аурудың
сыртын емдей бермей, ауруды тудырушы себепті анықтап, соны
жойса, ауру да кететінін түсіндім.
Сөйтіп асқазан мен өңештің арасындағы ішкі бұлшықеттердің
әлсіреуінен асқазандағы өт жоғары көтеріліп жатқанын білдім. Негізі
асқазандағы қысым жоғарырақ. Сол үшін ұстап тұратын бір меxанизм
болмаса, асқазандағы сұйықтық өңешке қарай көтеріледі екен.
Газдалған сусындар, қызанақ, мойенез сияқты өнімдер, стресс,
спортпен шұғылданбау әлгі ішкі бұлшықеттердің әлсіреуіне әкеп
соғады екен.
Содан біраз тағамнан бас тартуға тура келді. Күн сайын таңертең
жүгіріп,
жаттыға
бастадым.
Ішкі
бұлшықеттерді
қатайтатын
жаттығулар жасадым. Бір жылдай осы режимде жүрдім. Сенесіздер
ме, келесі Рамазанға дейін ауруымның ізі де қалмады ғой. Содан бері
міне жыл сайын ауыз бекітіп келемін. Ауру мазаламайды.
Дұғамның дәл осындай формада қабыл болғанына ризамын. Кейде
Алла сұрағанымызды біз күткендей көріністе бермей жатса, еңсеміз
түседі. Бірақ зер салып қараса, Алла бізге сұрағанымызға жеткізетін
себептерді беріп қояды екен. Сол себептерді көре білсек, сәйкесінше
әрекет етсек, өзімізді өзгертсек, дегенімізге міндетті түрде жетеміз.
Өзіңді өзгертпесең, өміріңде ештеңе өзгермейді.
17




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет