Жылда қалыптасқан қағида Данияр Жігітбек Алматы, 2017 26


-қағида Мемлекетте/қоғамда/әлемде бір өзгерістің болуын



Pdf көрінісі
бет17/27
Дата06.02.2022
өлшемі0,78 Mb.
#79156
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
26 жылда қалыптасқан 26 қағида

16-қағида
Мемлекетте/қоғамда/әлемде бір өзгерістің болуын 
қаласаң, сол өзгерісті өзіңнен баста.


Мемлекетте/қоғамда/әлемде бір өзгерістің болуын 
қаласаң, сол өзгерісті өзіңнен баста.
Мен жүргізуші куәлігін алу үшін 7 рет емтиxан тапсырған
адаммын. "Сатып ала салмадың ба?", "Өзіңді қинап жүрген сен
де бір қызық екенсің" дейтін шығарсыз. Бірақ мен пара беру/алу,
"бармақ басты, көз қысты" сияқты тірліктерге түбегейлі
қарсымын.
Себебі
жемқорлықтың,
парақорлықтың
мемлекетіміздің
түбіне жететінін,
дамуымызды
тежейтінін
білемін және оның кең таралуын қаламаймын. Иә, жол ережесін
бірнеше рет бұздым. Бірақ пара бермедім, айыппұлын төледім.
Бакалавриатқа, магистратуға таныссыз, ешкімге ақша ұстатпай
түстім. Жұмысқа да аға-көкем орналастырмады. Мен өзім
қалаған өзгерісті өзімнен бастадым. "Сол саған ғана қарап қалып
па? Жүйе сондай! Қазір онсыз ештеңе шешілмейді. Оқуға түсу
үшін де, жұмысқа тұру үшін де, бір жерге қағазыңды өткізу үшін
де ақша ұстатуың керек, танысың болуы керек" деген нәрселер
жұрттың санасына сіңіп кеткені сондай, қазір басқаша ойласаң,
әрекет етсең, күлкіге қаласың. Сөйте тұра "аналар жеп жатыр,
мыналар жеп жатыр" деп жоғарыда отырғандарды сөгеміз. Олар
да біздің арамыздан шықты ғой, аспаннан салбырап түспеді. Біз
өзіміз қандай болсақ, солай басқарыламыз. Қоғамдағы өзгеріс
әрқайсымыздан басталады. Жол полиция қызметкерлерін жек
көргенше, оларға пара бермеңіз, ол үшін жол ережесін сақтаңыз,
қалаңыз жайнап тұрсын десеңіз, көшеде ешкімге байқатпай
қоқыс қалдықтарын тастап кететін әдетіңізді қойыңыз, жақын
қоқыс жәшігіне жеткенше, ұстап тұрыңыз, қазақ тілінің мәртебесі
өскенін қаласаңыз, өзіңіз тек қазақша сөйлесіңіз. Ас бөлмесінде
отырып алып, басқаларды кінәлап, сөге бергеннен еш пайда
таппайсыз. Оданша өзіңіз қалаған өзгерістің басы болыңыз.
Сізден үлгі алып, басқа да жандар принциптеріне берік бола
бастайды. Осылайша қоғам да түзеледі.
33




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет