17-қағида
Шешім қабылдарда өзгелермен ақылдас.
Шешім қабылдарда өзгелермен ақылдас.
Қазақтың "келісіп пішкен тон келте болмас" деген сөзі ұнайды.
Дәл айтылған сөз. Белгілі бір шешім қабылдарда өзгелердің
пікірін білу, кеңесіне жүгіну маңызды. Өз басым жаңа іске қадам
басарда, бір жоба бастар кезде достарыммен, жақындарыммен
ақылдасып алам. Тіпті жаңа жазба немесе өлең жазғанда да,
алдымен "сыншыларыма" оқытып, ой-пікірін білем. Көп ісімнің
сәтті болуының бірден-бір себебі осы да шығар деп ойлаймын.
Кеңесетін адамыңыздың міндетті түрде ақсақал немесе көпті
көрген адам болуы шарт емес. Өзім кейде бір мәселе
жөнінде кішкентай балалардың да ойын сұраймын. Ойлары
өзінше қызық. Бүлдіршіндердің де айтары бар. Адамның өмірін
180 градусқа өзгертіп жіберуге бір-ақ сөз жетеді. Ал ол сөзді Алла
сіз күтпеген жерден біреудің аузына салып қоюы мүмкін. Сол
үшін өзгелердің сөзіне құлақ аса білу керек.
Жалпы байқағаным, адамдар өзгелерге ақыл айтқанды, жөн
сілтегенді ұнатады екен. Мүмкін олар сол сәтте өздерін маңызды,
біреуге
қажетті
сезінетін
шығар.
Осындай
керемет
күй
сыйлағыныңыз үшін олар да кеңестерін аямайды. Біреу кеңес
сұрап келсе, маған да ұнайды. Барынша білгеніммен бөлісем. Не
дерімді білмесем немесе жауабым дайын болмаса, "Өзің қалай
ойлайсың?" дей салам. Сөйтіп ол адам өз ойын айтып, өз-өзіне
кеңес бергендей болады. Қысқасы, ешкімнің көңілі қалмайды.
Ісіңіз берекелі болсын десеңіз, ең дұрыс шешімді тапқыңыз
келсе, өзгелермен ақылдасыңыз: қателеспейсіз!
35
|