Ж. Нысамбаев, Н. С. Уалиев



Pdf көрінісі
бет5/120
Дата06.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#79232
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120
Байланысты:
Akparattik kauipsizdik zhane akparattyk korgau Nysambaev

1.2
 
Қоғамды ақпараттандырудың қҧқықтық базасы 
 
Ақпараттандырудың жоғары деңгейі, сол сияқты кейінгі кезде орын алған 
қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістер ақпараттық технологиялар 
саласында қалыптасып отырған қатынастарды заң жҥзінде реттеуді талап етеді. 
Бҧл проблеманың кӛптеген бӛлігі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
Ақпараттандыру туралы заңының аясында шешімін тапқан. 
Заңда 
ақпарат
, а
қпараттандыру

ақпараттық жүйелер

ақпараттық 
ресурстар

жасырын ақпарат

ақпараттық ресурстарды меншіктенуші мен 
иеленуші

ақпаратты пайдаланушы
сияқты терминдерге анықтамалар берілген. 
Мемлекет меншіктің формасына тәуелсіз тҥрде ақпаратты иемденушінің 
қҧқықтары заң бойынша белгіленген. 
Ол заң ақпаратты иемденушінің ақпаратқа белгіленген тәртіппен қожалық 
етуіне кепіл болады. Ақпаратты иеленуші ӛзінің ақпараттық ресурстарын 
қорғауға қҧқықты, оған басқалардың кіруін ӛз бетімен белгілей алады. Заңда 
азаматтар мен мемлекеттің ақпаратқа енуіне деген қҧқықтары мен міндеттері 
анықталған. Онда ақпараттық жҥйелерді жасау мен сертификаттау тәртібі, 
оның технологиясы, оны қамтамасыз етудің қҧралдары, сол сияқты ақпараттық 
технологиялар саласындағы лицензиялау реті кӛрсетілген. Бҧл заңда ақпа-
раттты қорғаудың мақсаттары мен режимдері анықталған, сонымен бірге 


13 
ақпараттық процестер мен ақпараттандыру шеңберіндегі субъектілерді қорғау 
қҧқығының реті анықталған.
Компьютерлік жҥйелердегі ақпаратты қорғау мәселелерін реттейтін 
маңызды қҧқықтық қҧжат Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қҧпиялар 
туралы» заңы болып табылады. Бҧл заң мемлекеттік ақпараттық қҧпиялығын 
(қҧпиялық грифін) және оған сәйкес ақпараттың маңыздылығын анықтайды.
Жоғарыда аталған тағы басқа да қҧқықтық қҧжаттар негізінде 
ведомстволар (министірліктер, бірігулер, корпорациялар т.б.) ведомствоға 
қарасты мекемелердегі ақпаратты пайдалану мен қорғау ретін анықтайтын 
қҧжаттар дайындайды.
Компьютерлік жҥйенің заңдық статусын, одан бӛлек компьютерлік 
жҥйенің кӛмегімен алынатын ақпараттың статусын анықтау аса маңызды 
қҧжаттық мәселе болады. Ақпараттың статусы немесе оның заңдылығы белгілі 
бір әрекеттерді жасауға негіз болып табылады. Мысал ҥшін белгілі бір 
ақпаратты басқару жҥйесіндегі (АБЖ) лауазымды адамның тек АБЖ- ден алған 
ақпарат негізінде шешім қабылдауға заңдық қҧқығы болады. Басқа АБЖ-де 
шешім қабылдау ҥшін басқа каналдар арқылы растаушы ақпаратты алу қажет 
болады. Бір ғана АБЖ-де шешімді растаушы ақпаратты алғаннан кейін, және 
онсыз да қабылдана береді. Оның мысалы ретінде АБЖ - ның кӛмегімен ақша 
аударуды алуға болады. Белгілі бір сомаға дейін ақша аудару ӛтінішке сәйкес 
автоматты тҥрде іске асырылады. Ҥлкен соманы аудару ҥшін осындай опера-
цияның заңдылығын тексеретін қосымша шаралар істеледі. Ол ҥшін қосымша, 
оның ішінде қайталау жҥйесінен ақпарат сҧралынады, ал ақша аудару жӛніндегі 
соңғы шешімді лауазым иесі қабылдайды.
Ақпараттың қҧқықтық статусын компьютерлік жҥйе қамтамасыз ете 
алатындай оның бағасы (маңыздылығы) азаматтың дәрежесіне сәйкес белгі-
ленеді.
Ақпараттық технологиялар саласындағы қҧқықтық реттеудің маңызды 
қҧрамдасы азаматтардың компьютерлік жҥйелермен жҧмыс істегендегі 
қҧқыққа қарсы әрекеттеріне деген жауапкершілігін қалыптастыру болып 
табылады.
КЖ-ді пайдаланып жасалатын қылмыстық әрекеттер, басқаша айтқанда 
компьютерлік қылмыстар
деп аталады.
Қазақстан Республикасының жанадан қабылдаған қылмыстық кодексінде 
компьютерлік технологиялар саласындағы қылмыстық жауапкершілік
қарастырылған. Онда компьютердегі ақпаратқа рҧқсатсыз қол сҧғуға қарсы да 
шаралар келтірілген, 
Ақпаратқа рҧқсатсыз қол сҧғу тҥріндегі қылмыс жасағандар 200-ден аса ең 
кіші еңбекақы тҥріндегі айып пҧл тӛлейді немесе 5 жылға дейінгі бас 
бостандығынан айырылады. Айыпты ауырлататын жағдайлар ретінде адамдар-
дың топталып, алдын-ала келісім бойынша немесе ҧйымдасқан топ ретінде 
немесе ЭЕМ, ЭЕМ-дер жҥйесіне кіруге рҧқсаты бар адамдардың қызмет бабын 
пайда-лануы есептеледі. Онда ЭЕМ-дерге зиян келтіретін (қаскӛйлік) 
программаларды жасаушылар мен оларды таратушыларға қолданылатын 
жауапкершілік шаралары да кӛрсетілген. 


14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет