Ж. Нысамбаев, Н. С. Уалиев



Pdf көрінісі
бет2/120
Дата06.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#79232
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120
Байланысты:
Akparattik kauipsizdik zhane akparattyk korgau Nysambaev

КІРІСПЕ
Адамзаттың XXI ғасырға енуі қоғамдық ӛмірдің барлық салаларында 
ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына ҧштасты. Ақпарат кӛптеген 
жағдайда мемлекеттің стратегиялық ресурсына, ӛндіргіш кҥшіне және бағалы 
тауарға айналып отыр. Бҧл ӛз саласында мемлекеттің, ҧйымдар мен жекелеген 
адамдардың, олардың оппоненттерінің қолы жетпейтін, сол сияқты 
қарсыластарының оппоненттерінің ақпараттық ресурстарына зиян келтіру және 
ӛздерінің ақпараттық ресурстарын қорғау есебінен оларға қарағанда едәуір 
артықшылықтарға жетуіне итермелейді. 
Мемлекеттің ақпараттық саладағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәні 
Қазақстан Республикасының 2007 жылы 11 ақпанда қабылдаған № 217 
«Ақпараттандыру» заңының 8 бабында атап кӛрсетілген.
Кез келген елдің ҧлттық қауіпсіздігі негізінен ақпараттық қауіпсіздікті 
қамтамасыз етуге тәуелді және техникалық прогрестің даму барысында ол 
тәуелділік арта тҥсетіні белгілі. 
Мемлекеттердің бір-біріне ақпараттық тҥрдегі тайталасын қорғаныс 
саласында байқауға болады, оның жоғарғы формасы ақпараттық соғыс болып 
табылады. Мҧндай соғыстың кӛптеген элементтері Таяу Шығыстағы және 
Балқандағы кішігірім әскери конфликтілерде байқалды. Сонда НАТО әскерлері 
ақпараттық қарудың кӛмегімен Ирактың әуе кеңістігін қорғау жҥйесін істен 
шығарды. Эксперттердің айтуынша, альянстың әскерлері Ирактың франсуз 
фирмасынан алған және әуе кеңістігін қорғаудағы автоматты басқару жҥйеле-
ріне пайдаланылған принтерлеріне алдын ала бағдарламалық енгізулерді 
пайдаланған.
Ақпараттық қарсыластық мекемелер, жекелеген адамдар деңгейінде де 
кҥшейіп отыр. Оған дәлел ретінде криминалдық элементтердің материалдық 
пайда табу мақсатында компьютерлік технологияларды бақылауға арналған 
әрекеттерін келтіруге болады. Оған мысал есебінде халықаралық қаскҥнемдер 
тобының ағылшын фирмаларын бопсалауын келтіру жеткілікті. 1993-1996 
жылдар арасында қаскҥнемдер олардан 400 миллион фунт стирлинг алған. 
Бопсалаушылар ӛздерінің барлық әрекеттерін тоқтату мҥмкіндіктерін немесе 
фирмалардың жаңадан жасалған қҧралдарына қол жеткізе алатынын 
жариялағаннан кейін қаскҥнемдердің қҧрбандары оларға 13 миллион фунт 
стирлинг беруіне тура келді. Ақша оффшорлық зоналарда орналасқан банктерге 
аударылды, ал қаскҥнемдер оны санаулы минуттар ішінде алып ҥлгерді.
Сол сияқты азаматтардың заңды іс-әрекеттерін іске асыруға жарататын 
нақты ақпараттар алуын қамтамасыз ету, олардың жеке бастарын қорғауды 
қамтамасыз ететін ақпаратты қорғау да маңызды мәселе. 
Мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қарсыласуы
криминалдық қҧрылымдардың ақпараттық ресурстарды заңға қайшы әрекеттер 
арқылы пайдалануға ҧмтылуы, азаматтардың ақпарат саласындағы қҧқықтарын 
қамтамасыз ету қажеттігі, кӛптеген кездейсоқ қауіптердің бар болуы қоғамды 
ақпараттандырудың материалдық негізі болып табылатын компьютерлік 
жҥйелердегі (КЖ) ақпаратты қорғауды қамтамасыз етудің ӛткір қажеттігін 
тудырады. 


10 
Компьютерлік жҥйелердің жасалуынан бастап оларды утилизациялауға 
дейінгі бҥкіл ӛмірлік циклын қамтитын ақпаратты қорғаудың кешенді жҥйесі 
жасалып, ол жҧмыс істеген кезде ғана барлық деңгейдегі ақпараттық қауіп-
сіздікті қамтамасыз ету мәселесі табысты тҥрде шешілетіні сӛзсіз. Осы оқу 
қҧралында осындай қорғау жҥйесін жасау мен оның жҧмысын ҧйымдастыру 
мәселелері қарастырылады. Бҧл оқу қҧралы оқушыларда компьютерлік 
жҥйелердегі ақпаратты қорғау проблемасына тҧтас, жҥйелі кӛзқарас қалып-
тастыруға кӛмектеседі деген ойдамыз.
Қҧралдың бірінші бӛлімінде жалпы тҥсініктер беріліп, ақпаратты қорғау 
теориясының терминдері анықталады және КЖ-дегі ақпаратқа тӛнетін мҥмкін 
қауіптер талданады. Екінші бӛлімде ақпаратты қорғаудың қҧралдары мен 
әдістері қарастырылады. Ал ҥшінші қорытынды бӛлімде КЖ-дегі ақпаратты 
қорғау жҥйелерін жасау мен олардың жҧмыс істеуін ҧйымдастыру мәселесі 
қарастырылады.


11 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет