«5В020100 – философия» мамандығы бойынша


Эстетикалық теориялардың даму тарихы



Pdf көрінісі
бет126/372
Дата06.02.2022
өлшемі1,66 Mb.
#79352
түріБағдарламасы
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   372
Байланысты:
Философия бак.

Эстетикалық теориялардың даму тарихы 
 
Ежелгі Үнді және Қытай. Дүниені тану және дүниені қабылдау 
ерекшеліктері; тұйықтық, жаһандық эстетикалық ойдан оқшаулық.
Антикалық
эстетика. Ежелгі Грекия және Ежелгі Римдегі 
(б.з.д.VII –VI 
ғ.ғ.)
мәдениет дамуының ерте кезеңіндегі эстетикалық идеяларға тән 
мифологизм және космологизм

Агональдылық – антикалық
мәдениетке тән 
белгі. Адам дамуының ішкі және сыртқы гармониясы (
калокагатия). Сократ, 
Платон, Аристотель, Цицерон, Гораций, Лукреций Кар, Плотиннің және 
пифогорейліктердің э
стетикалық көзқарастары. Әсемдік, мөлшер, симметрия, 
пропорция, гармония ұғымдары. 
Антикалық
өнер: театр, музыка, поэзия, 
пластика, сәулет, мүсін, кескіндеме. 
Мимесис
теориясы, катарсис ұғымы.
Батыс Еуропадағы ортағасырлық эстетика. Оны басты даму кезеңдері 
және бағыттары. 
Теоцентризм
– ортағасырлық мәдениеттің іргелі қағидасы. 
Аврелий Августин, Боэций, Дионис Ареопагит, Фома Аквинскийлердің
эстетикалық
концепциялары
. Ортағасырлық өнердің даму ерекшеліктері: 
символизм, руханилық, аскетизм, жоғары сезімділік. Қолданбалы өрнектік 
қолөнер. Қалалық мәдениет. 
Романдық стиль. 
Готика стилі.
Араб-мұсылмандық Шығыс эстетикасы. Араб-мұсылмандық Шығыс
мәдениетінің және эстетикалық идеяларының даму ерекшелігі. Әл-Фараби, 
Ибн Сина, Ибн әл-Хайсам, Ибн әл-Араби, Омар Хайямның 
эстетикалық 
теориялары. Көркем шығармашылық және еліктеу теориясы. Музыка, 
әдебиет, поэзия, каллиграфия өнері. 
Қайта Өркендеу эстетикасы. Ренессанс мәдениетіне – алыптар мен 
данышпандар кезеңіне – тән сипаттық ерекшеліктер. Дәуірдің әйгілі өкілдері: 
Петрарка, 
Данте, Бокаччо, Шекспир, Сервантес, Микеланджело, Леонардо, 
Рафаэль
және т.б. Ренессанстың эстетикалық көзқарастары мен теориялары. 
Еліктеу теориясы, «алтын қима» ережесі, перспективаның ашылуы. 
Классицизм кезеңінің эстетикасы. Классикалық өнердің айырықша 
белгілері: жоғары моральдық пафос, батырлық істерді мадақтау, сөз 
құдіретін бағалау, ақсүйектік, рационализм, сезім мен пайымның, ақыл мен 
табиғаттың дуализмі. Әсемдіктің негізгі өлшемдері: қатаң симметрия, 
гармония, бірлік. Эстетика теориясының негізгі өкілдері: Р.Декарт, 
Ф.Малерба, Н.Буало. Барокко өнері. Өткір тіл шеберлігі – әмбебап 
эстетикалық принцип ретінде. 
Рококо көркем стилі. Классицизм өнері. 


73 
Ағарту дәуірінің эстетикасы. Дәуірдің іргелі ерекшеліктері: адамның 
ақыл-ойының басымдығы, діни көзқарастарға сын, білім беру, ағарту арқылы 
қоғамды үйлестіру, еркіндік, бауырластық, теңдік идеалдары. Философиялық 
және эстетикалық бағыттардың әртүрлілігі. Көркемдік талғам теориясы. 
А.Шефтсбери, Дж.Локк, Д.Юм, Д.Дидро, Ж.-Ж.Руссо, Ф.-М.Вольтер және 
тағы басқалардың өнер теориялары.
Неміс классикалық идеализміндегі эстетика. И.Канттың эстетикалық 
көзқарастары. «Эстетикалық елестеу» және «еркін ойын» ұғымдары. Әсемдік 
болмысының а
мбиваленттілігі
. Эстетикалық категориялар: мақсаттылық, 
әсемдік және асқақтық. Өнердің жіктелуі. Данышпандық теориясы. Гегельдің 
эстетикалық идеялары. Эстетика – өнер философиясы ретінде. Сұлулық және 
әсемдік ұғымдары. Өнердің жіктелуі: пластикалық, музыкалық, сөздік. 
Романтизм өнері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   372




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет