Білім беру бағдарламасы тыңдаушыларының портфолиоларын жиынтық бағалау рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу Ережелері 1


Пәндер бойынша «Бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау»



Pdf көрінісі
бет13/64
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#79373
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64
Байланысты:
Жиынтық бағалау рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу ережелері

Пәндер бойынша «Бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» 
педагог қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курстарының білім беру 
бағдарламасы тыңдаушысының портфолионы рәсімдеуі және ПӨО 
порталына жүктеуі бойынша талаптар 
I.
 
Портфолио дәлелдемелеріне қойылатын талаптар 
1.
Портфолио бөлім/аралық тақырып бойынша жиынтық бағалау
тапсырмалары (А бөлімі) мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау 
тапсырмаларынан (В бөлімі) тұрады.
2.
Барлық тапсырмалар өздігінен жасалған.
3.
Портфолионың әр бөлімі бір файлмен рәсімделеді.
4.
Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне (мәлімделген сынып), оқу
бағдарламасына, оқу мақсаттарына сәйкес келеді. 
5.
Тапсырмалар қол жетімді түрде жасалған, орфография, синтаксис және оқу
тілі стилистикасы бойынша талаптары сақталған. 
6.
Тиісті көлемдегі ғылыми терминдер пәнге сәйкес дұрыс қолданылған.
7.
Тапсырманы орындауға қажетті графикалық материалдар (суреттер,
сызбанұсқалар, графиктер және т.б.) жоғары сапада сканерленген (оқылатын 
мәтін, нақты бейне) және қабылдауға ыңғайлы. Сканерленетін 
материалдардың максималды көлемі 400-500КБ. 
8.
В бөлімінде тапсырмалардың болжалды жауаптары бар. Тапсырмаларды
бағалаудың схемасы мен олардың негіздемелері бар. 
9.
Әр тапсырманың мазмұны оны орындау уақытымен сәйкес келеді.
10.
Қабылдауға келмейтін немесе лайықсыз дәлелдемелер бағалау бойынша
шешімге елеулі әсерін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет