Хабаршысы вестник



Pdf көрінісі
бет14/164
Дата06.02.2022
өлшемі2,77 Mb.
#79413
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   164
Байланысты:
№1 (56)-2020

Негізгі сөздер:
психологизм, ұлттық әдебиеттану ғылымы, халықтық 
психология, лирика, кейіпкер болмысы. 
Әдебиеттегі әдебиеттану ғылымы ретінде зерделеген ғалымдар ұлттық 
сөз өнерінің даму барысында, мейлі ол қай жанр болмасын кейіпкердің не 
қалам иесінің көңіл-күйін дәл де нанымды, көркем әрі шебер бейнелеу 
барысында соншалық мол психологиялық – эстетикалық суреткерлік 
ізденістердің жүзеге асырылатынын дәлелдеген болатын.
Психологизм әдебиеттің барлық жанр түрлерінде дамып, адам 
жанының сан алуан сезімдік құбылыстары туралы айтылған тұста әрбір 
оқырманмен оның өзі туралы сырласып келеді.
Ұлттық әдебиеттану ғылымындағы психологизм туралы ой-пікірлердің 
түп-төркіні ата-бабаларымыздың сан ғасыр бойы қалыптасқан салт-сана, 
әдет-ғұрып т.б. рәсімдерінде қалыптасқан, яғни халықтық психологияда 
терең көрініс табады. «Халықтық психология дегеніміз – адамның қоғамдық 
және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын 
қарапайым тұрмыстық психологиялық білімдер жүйесі»- дейді ғалымдар. 
Жалпы көркем әдебиеттегі кейіпкердің ішкі жан дүниесін бейнелеу барлық 
жанрдағы шығармаларға тән құбылыс. Өйткені, көркем әдебиеттегі 
психологизм драматургияда да, поэзияда да, ауыз әдебиетінің барлық 
түрлері – соның ішінде айтыс өлеңдер, жырларда да тұнып тұр десек 
қателеспейміз. Егер психологизм шығарманың эстетикалық әлемін құрайтын, 
кейіпкерінің ішкі ойын, толғанысы мен күйзелісін терең бейнелеу құралы 
болса, өлең ақынның жан дүниесі, болмыс – бітімі, сырласы мен мұңдасы.
Адам табиғатына тән жұмбақ жаратылысты, ой мен сезім арасындағы 
қайшылықтарды, көп қабатты қалтарыстарды, іс-әрекеттегі күтпеген 
құбылыстарды қадағалай зерттеу, оған асқан сезімталдықпен қарау, шебер 
бейнелеу қаламгерден үлкен шеберлікті талап ететіні сөзсіз.
Белгілі әдебиеттанушы ғалым Б.Майтанов: «Психологизм – әрі беріден 
соң ойлану, түйсіну, пайымдау типтерінің түрі деуге келеді»,- деп 
тұжырымдама жасайды. [1,235] 
Көркем әдебиетінің үлкен бір саласы – поэзия. Кезінде қазақ 
әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі Шоқан Уәлиханов: «Дала 
көшпенділерінің поэзия мен шынайы сезімге бейім болуына өмір бойы 
табиғат құшағында жүруі – жасыл майда дала, ашық мөлдір аспан, көші-
қоны көп тұрмыс әсер етпесіне кім кепіл»,-деген екен.
Поэзия – адам сезімінің, ақыл-ойының серігі. Ол сезімнің сөзбен 
жазылған 
шындығы. 
Қазақ 
лирикасының 
дамуына 
М.Мақатаев, 
Т.Айбергенов, Қ.Мырза-Әли, Т.Молдағалиев, Ж.Нәжімеденов, С.Жиенбаев, 
Ф.Оңғарсынова, А.Бақтыгереева, М.Шаханов, Ж.Молдағалиев сынды 
ақындар елеулі үлес қосқан еді. Әрине, поэзия әлемінде өз ойын 
көркемдікпен, асқан шеберлікпен бере білу екінің бірінің қолынан келе 
бермейді. Лирикалық шығармалардың қай-қайсысы болмасын ізгілікке, 
жақсылық атаулыға толы, шанайы шыншылдығымен, мінсіз көркемдігімен 


12 
оқушысын баурап алады. Туған жерімен, оның ауасымен, табиғатымен, 
досымен, замандасымен срыласады, ішкі толқынысын шығарады. Жан-
жануар, табиғат құбылыстарын адам өміріне ұқсас, адамзат өміріне орайлас 
сипаттар табады. Бұлар – тек шабыты өте жоғары, дарыны мол талант 
иесінің қолынан келетін дүние.
«Лирикада мінез болады. Ол – ақын мінез болады. Өлеңім өзіме тарт 
дегендей, әр өлең тек иесіне ғана тартады»,-дейді академик 
З.Қабдолов.[2.61] Лириканың бас қаһарманы – ақынның өзі Ақын, ең 
алдымен, өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы 
халықтың тағдарын, қайғысын, күйзелісін қуаныш-шаттығын, тілек-
мақсаттарын білдіреді. Поэзиялық шығармаларға тән айрықша қасиет өмір 
құбылыстарын терең эмоциялық сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес 
әсерлі тартымды көркем бейнелеу. Алайда, поэзияда адамның ой-сезімі 
әдейі сырттай көркемделмейді, әдебиет пен өнердің басқа салаларындағы 
көркемдік, бейнелік ойлау жүйесіне тән. Қазақ поэзиясында қаламгерлер сөз 
өнерін жаңа мазмұн мен образдық жүйе, көркемдік бояу-нақыштарымен 
лириканың көптеген түрлерін қалыптастырған.
Көркем әдебиеттегі психологизм табиғаты – бүгінгі таңдағы 
әдебиеттану ғылымында өте жиі сөз бола бастаған күрделі теориялық, 
тәжірибелік мәні мол мәселе. Психологизм көп қырлы әдеби бағыттар мен 
әдістерге ортақ әр олардың негізгі принциптеріне тікелей тәуелді келеді.
Психологизмнің негізгі қызметі – өмірлік шындық пен көркем 
шындықтың жанды тамырластығын сақтау. Әдеби шығарманың көркемдік 
деңгейге жетуіне психологизм табиғатының қатысы мол, өйткені суреткер 
қолданысындағы қандайма көркемдік тәсіл болмасын кейіпкер табиғатының 
жұмбақ сырын ашуға, сол арқылы туындының идеялық – көркемдік сипатын 
арттыру мақсатында қолданылады.
Төл әдебиетімізде жиі қолданылатын психологиялық параллелизм – 
табиғатқа адамның көңіл-күйін тели отырып кейіпкер бейнесін, оның ішкі 
толғанысын ашатын тәсіл. Оның бастауы сонау ауыз әдебиеті үлгілерінен, 
соның ішінде «Қыз Жібек», «Алпамыс», «Қобыланды батыр» жырларынан 
анық көрініс береді.
Өткен ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап қазақ әдебиетінің поэзия 
жанрында жаңа ізденістер мен тақырыптарға беталыс байқала бастады. Бұл 
үдеріс қоғамның дамуындағы жаңа өзгерістерге байланысты болды. Осы 
кезеңдерде поэзияның жанрлары, көркемдік кестесі мен сөздің өрнегі 
тақырыптық ізденістер аясында дамып, қанатын кеңге жая бастады.
Қазақ поэзиясын жоғары шыңға көтерген, әдебиет әлемінде өзіндік 
қолтаңбасы бар ақындардың бірі – Сағи Жиенбаев. Қаламгер 
шығармашылығы жөнінде белгілі ақын Қуандық Шаңғытбаев: «Сағидың 
өлеңдері – көзіңде жас, ерніңе күлкі шақыратын, өзегіңе от тастап, кеудеңді 
тұңғыш мерей рахатына толтыратын хрестоматиялық дүниелер»- деп ағынан 
жарыла баға берген еді.[3.41] Шығармаларының көбі анасының жақсы 
қасиеттерімен, алуан қырлы істері мен ұштастырыла көркем беріледі, 


13 
анасымен сырласады. Енді бір топ өлеңдерінде ауыл адамдарының 
ақжарқын, кеңпейіл, даладай дархан мінезін асқан шынайылықпен 
бейнелейді. 
«Алтын қазыналы қарттарым, көзімнің алдында даланың исі бұрқырап 
аман-сау жүріңдерші» деп тебірене жырлайды. Қарттар бейнесі арқылы 
бүкіл даланың бейнесін өзінің ішкі толғанысы, арман-тілегімен шебер 
суреттейді. Ал, «Аққулар» поэмасында екі көзі ағып кеткен аққулардың 
аянышты халі, ауыр халге душар болған арудың жан жылатар жайы, өз 
бетімен ұшуға дәрмені жоқ аққулардың пысылдаған сиырларды ес көріп, 
табынға ілесіп келе жатқан көрініс лирикалық кейіпкердің ішкі мазасыздығы 
арқылы оқиғаның себебін ашып береді. 
Көздері көрмесе де кеудесінде
Жарқырап тұрды ма екен аспан әлі? 
Адамнан келгендігін білмей соры, 
Адамнан көмек сұрап келді ме екен?-деп ой түйеді. Талай ақ - 
құстарды аяусыз апатқа ұшыратып отырған, адам қолынан жасалатын 
қатыгездігін мәселе етіп қойып, жұмсақ тілмен мәселе көтереді. Сағи 
Жиенбаевтың псизологиялық шығармаларының бірі – «Сырлы теңіз» (кейін 
«Теңіз сыры» атымен өңделіп, толықтырылған) поэмасы. Поэмада 
кейіпкерлерінің жан толғанысы, ішкі мазасыздығы, көңіл-күйі, яғни ішкі сыры 
мен сезім иірімдері шынайы берілген, поэма сюжеті де соған құрылған. 
Жалпы дастандары мен балладаларындағы басты ерекшелік– кейіпкер жан 
дүниесін ашып көрсетудегі психологиялық мінездеулердің орынды қолдануы. 
Ақын тұрмыс, табиғат проблемасын ұлттық психологиялық ерекшеліктерімен 
суреттейді. Поэзияда адамның ішкі дүниесін тану мүмкіндігі шектеулі. 
Сондықтан кейіпкердің жан дүниесіне, толғанысына, көбінесе, монолог 
арқылы енеді. Жалпы көркем туындыда оның эстетикалық әлемін 
айқындауда әдеби психологизмнің атқарар ролі зор.
Лиризм, ойшылдық, психологизм - үшеуін бір бағытта ұштастыра 
жырлаған ақынның бірі Жұмекен Нәжімеденов десек, екіншісі – Төлеген 
Айбергенов. Төлеген ақынның лирикалық өлеңдерінде, лирикалық 
циклдарында әсемдік сырлары шебер суреттеледі. Әдеби шығарманың басты 
құралы да, оның көркемдігінің эстетикалық бағасының негізгі өлшемі тіл 
десек, сол тілдің көріктенуіне көп үлес қосқан дарынды ақын. 
Төлеген Айбергеновтің идеялық-тақырыптық негізі жағынан да, түр 
жағынан да құрылысы ерекше тұрған өлеңі – «Көктем». 
«Қанша жүректі, 
Нұрлантып келдің. 
Қанша теректі 
Ырғалтып келді». 
Көктемге кілең образды сөздермен жасалған сұрақтар қоя отырып 
ақын, көктемнің жаңалықтың жаршысы екендігін, қуаныш ала келер қамқор 
бейнесін жасайды. «Қанша сәукеле кигізіп келдің» деген сөздің астарында 
қанша мағына жатыр десеңізші! Бұл өлең жолдарын оқығанда ойымызға 


14 
жаңа өмірге қадам қойғалы тұрған жас ғашықтар ойға оралса, екінші 
жағынан көктем – жаңару, жасару ұғымына баланып, табиғаттың осы бір 
мезгілі мен жастық шақ ұғымының арасындағы диалектикалық байланыс 
түсіндіріліп тұр. 
Ақынның жаз мезгілі туралы жазған жырлары да – ақынның 
табиғаттың әсем суретін сөзбен шебер сала алатындығымен, мезгілдің өзіне 
жарасымды бояуларын таба алатындығымен құнды. Оның «Жаз қақпасы» 
атты өлеңі қимыл-қозғалысқа толы.
Өлеңде жазғы даланың өзіне тән суреттері, жаз мезгіліне лайық 
көріністер бейнеленеді. Жаздың келгенін «қанатында тырнаның, қалықтаған 
жаз келді» деген образды сөздермен сездіреді. Бусанып жатқан жерді «Жер 
сімірді шуақты» дейді. Осындай тың образдылықтардың қолданылуы – 
өлеңнің көркемдік құнын көтеріп тұр. 
Ақын көзінің қиядағанышалар қырағылы, оның дүниені өзгеше 
тұрпатта тани алатындығы «Жазғы кеште» атты өлеңінде байқалады.
«Шаршамас табиғаттың жорғасындай, 
Асау жел барады ырғып жартастардан 
Сақаға құйған сұйық қорғасындай, 
Мөлдіреп тұр көл беті, көк дастархан». 
Осы бір шумақ нағыз шебер суретшінің қолынан шыққан пейзажға 
ұқсайды. Бейне жаздың дауылды күнін талантты суретшінің қолы қағазға 
айнытпай көшіргендей. 
Төлеген Айбергеновтің пейзаждық лирикаларында көп суреттелген 
маусымның бірі – күз. Әдетте, күзді ақындарымыз көп жырлайды. Көбіне 
сарғайған түспен, сағыныштың баламасы ретінде бейнеленетін күз - Төлеген 
Айбергеновтің шығармаларында өзгешелеу образда көрінеді.
«Телміртіп тас төбеден ай төнеді, 
Аспанды алтын қазан сияқтантып». 
Өлеңнен күздің көңілді жүдеу тарттырар түні көзімізге елестетіп 
кететіні соншалық, адамның көңілі құлазып кетеді. «Қобызын бұрап тартып 
сыңсып тұрған» күзгі желдің тынымсыз соғатын уілін құлаққа анық есіттіреді. 
«Қырға біткен қияқтан түк қалмаған» күздің жалаңаш, сидам даласы 
көзімізге елестеп кетеді. Мұның бәрі – ақынның өзі алып отырған мезгілдің 
бейнесін дәл суреттей алуында.
«Қайтты қаздар көкірегін ән билеп,
Қоңыр кешті сағынышпен әлдилеп». 
Психологиялық параллелизм тәсілімен күз бейнесінің жасалған мына 
образы – күздің сұрғылт сұсын ерекше бедерлеп тұр. «Қоңыр кешті 
сағынышпен әлдилеп» бара жатқан қаздар көкіректе мұң қалдырып барады. 
Оны көріп тұрған жанның да көңіліне туған жері түседі.
Қыс суреті де – Төлеген Айбергенов өлеңмен бейнелеген мезгілдердің 
ішінде ең көркемдерінің бірі. 
Лиризм, ойшылдық, психологизм - үшеуін бір бағытта ұштастыра 
жырлаған ақынның бірі Жұмекен Нәжімеденов десек, екіншісі – Төлеген 


15 
Айбергенов. Төлеген ақынның лирикалық өлеңдерінде, лирикалық 
циклдарында әсемдік сырлары шебер суреттеледі. Әдеби шығарманың басты 
құралы да, оның көркемдігінің эстетикалық бағасының негізгі өлшемі тіл 
десек, сол тілдің көріктенуіне көп үлес қосқан дарынды ақын. 
«Әдебиеттегі психологизм – шығарманың шығарманың эстетикалық 
әлемін құрайтын кейіпкердің ішкі толғанысын, рухани күйзелісін терең әлі 
детальді түрде бейнелеу» қағидасына сүйене отырып, адамзаттың жұмбақ 
әлемі сөз өнерімен бірге өріліп отыратын табиғи құбылыс екенін кезінде 
Ж.Аймауытовта айтқан болатын. Кез-келген сөз өнерінің шебері – адам 
жанының инженері, яғни психолог-жазушы. Психологизм әдебиеттің барлық 
жанрлық түрлерінде дамып, адам жанының сан алуан сезімдік 
құбылыстарын бейнелеп келеді.
Адам табиғатына тән жұмбақ жаратылысты, ой мен сезім арасындағы 
қайшылықтарды, көп қабатты қалтарыстарды, іс-әрекеттегі күтпеген 
құбылыстарды қадағалай зерттеу, оған асқан сезімталдықпен қарап, шебер 
бейнелеу оқырман алдында үлкен жауапкершілікті қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет