FTAMP 17.01.07 Аяпова Г.Б., Оразова М.С. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Атырау қ., Қазақстан Республикасы
aiapova-1969@mail.ru
Ш.БЕЙСЕНОВА ХИКАЯТТАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ДӘУІР ШЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ КӨРКЕМ БЕЙНЕ Аңдатпа Мақалада жазушы Ш.Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері»
хикаятындағы басты кейіпкер Сүзгенің ел қорғау жолындағы ерлік ісі
көркемдікпен сипатталып, болашақ ұрпақты туған ел мен жерді қадірлеуге,
ұлттық рухымызды тереңнен таныстыруда елеулі орны бар шығарма екендігі
талданып беріледі. Сонымен бірге шығармадағы әйел-Ана тұлғасының
адамгершілік, моральдық болмыс-бітімін суреттеудегі қаламгерлік шеберлігі,
дара қолтаңбасы да айқындалады.