Хабаршысы вестник



Pdf көрінісі
бет18/164
Дата06.02.2022
өлшемі2,77 Mb.
#79413
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   164
Байланысты:
№1 (56)-2020

Негізгі сөздер
: әдеби туынды, түс көру, көркемдік деңгей, көркемдік 
талғам, шеберлік сыры, тарихи кезең, ұлттық характер.
 
Ш.Бейсенованың сан-салалы әрі көп қырлы творчестволық тағдырына 
тоқталсақ, әдеби туындыларының өзіне тән ерекшеліктерін байыптап 
байқасақ, бәрінен бұрын жазушының қаусырымы мол эпикалық құлашын 
аңғару қиын емес.
Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында журнал редакциясы 
«Азаттық жолындағы алғашқы құрбандар» атты жаңа айдар ашып, 
жазықсыз атылып кеткен Алаш арыстарының жұбайлары туралы мақалалар 
жариялап отырады. Сол мақақаларға байланысты белгілі тарихшы Мұрат 
Әбдіров Ресейдің Сібір хандығын қалай отарлағаны туралы матерал әкеліп 
жариялмақшы болады. Жауапты хатшы ретінде мақаламен толыққанды 
танысқан Ш.Бейсенова материалдағы Сүзге ханым туралы дерек өте қатты 
қызықтырады.
Сүзге ханым деген кім еді?
Сібір хандығын құрушылар, билеушілер қыпшақтардан болатын. 
Аталған хандықтың соңғы ханы Көшім хандығы қыпшақтардан құралған 
болатын. Ресей елі Сібір хандығына қайта-қайта шабуыл жасап, одан қалды 


17 
іштен ірітіп, Көшім ханның ордасы шауып, ханның ұрпақтарын, 
туысқандарын Ресейге құлдыққа жібереді. Көшім хан алғашында соғыса 
жүріп, Сібірдің ең түкпіріне қарай шегінеді. Ал соңғы кішілікке алған әйелі - 
қыпшақ қызы Сүзге ханның бұрынғы қонысында қалып қояды. Жазалаушы 
отряд Сүзгенің де түбіне жетеді. Ш.Бейсенованы Сүзге бейнесі қатты 
қызықтырады. Көп жылдар материал жинап, нәтижесінде «Сүзгенің соңғы 
күндері» атты хикаят жазып шығады. 
Шығарманың кірспесіне автор «...Жаным – арының садағасы» - деп 
білетін барша ізгілік пен мейір-шапағаттың негізі – ұлы аналар рухына 
тағзым» эпиграф жазып, тарихи кезеңде де ұлылығын паш етіп, 
қайсарлығын қара балтадай көрсеткен Сүзге ханымның ерлігін паш еткен. 
Шығарманың бастауынан-ақ Сүзгенің өз басынан гөрі иесі, Көшім ханды 
ойлап сергелдеңге түскенін ұғамыз. «Сүзге ханым тұла бойын зіл басқандай 
еңсесін жанышқан азапты күйден ұзақты күнге еш серпіле алмай қойғаны. 
Сарай іші жым-жырт. Бұның қабағына кірбің ілінгелі нөкерлері де, 
қызметшілері де тайсақтап, бетіне тіке қарамай, жанрларын алып қаша 
береді. Ойын-сауықтан сап тиылған. Үлкен ордадан хабар алмағалы неше 
күн. Оның ойын онға, санасын санға бөліп, дағдартып отырған да осы-
орданың үнсіздігі. Хан иесі ненің күйін кешіп жүр? Алтын басы аман болса игі 
еді? Айдалада күллі әлемнен бөлініп-жарылып қалғандай жалғызсырады» 
[1,4]. Көшім хан Ресейден хандықты жаулап алуға келген отаршыл 
жауларымен соғысып жатқан кез болатын. Бірақ, бір өкінішітісі орда әскері 
жан беріп, жан алысып соғысқанымен, жаудың қолының көптігінен қайта-
қайта жеңіліске ұшырай берген еді. Ақыры Сібірдің ну қарағайлы, түбіне 
қарай шегінуге мәжбүр болды. Ал Сүзгенің отырған қаласы Обь өзені 
бойында қалып қойды. Хан қалдырып кетуге еш пәрмен де бермеген 
болатын. Осыдан бірнеше күн бұрын Үлкен Ордадан шапқыншы келіп, ел 
шетіне жау тигенін, хан қосындарын бастап, шұғыл аттанып кеткенін, 
қысыл-таяңда кіші ханымға жолығуға мұрсаты болмағанын хабарлаған. 
Жаугершілік басталған уақытта Көшім хан Үлкен Ордада болатын. Тездетіп 
әскерін жасақтап, келген қорқау қасқырдай орыстың қатыгез, ешкімді 
аямайтын Грозаның әскерімен жауласып жүре берген.
Сүзге ханым – Сарыарқа жерінен еді. «Асауды ауыздықтайтын – 
бұғалық, алысты ағайындастыратын - құдалық» деп ежелгі дала салты 
бойынша Көшім хан қазақтың айтулы ақсүйегі, жеті атасынан бері қолынан 
билігі үзілмеген сұлтандарының бірі – Сүйіндіктен кіші қызы Сүзге 
сұлтанымды айттырып алған еді. Көшім ханға осы Ертіс өзені бойынан өзіне 
жай салдыруға рұқсат сұрады. «Кіші ханымның сарайының даңқы Тағыл, 
Тара, Ертіс, Тобыл, Обдария өзендеорінің арасын жайлаған елге толық 
жайылды. Хандықта әр тайпа әр тілде сөйлейтін. Сүзгені сарайын әрқайсысы 
өз тілінде атады. Сізге қамал, Сүзгін, Сүзге-тұра, Яулы-тұра» [1, 12 ].
Сүзгенің салдырған қамалы кейін шаһарға айналды. Тұрғын халқы 
бейбітшілікте, тоқшылықта өмір сүрді. Ханымда бір ғана өкініш болды. Ол- 
бір кішкентайының болмағаны. Күні-түні жалбарынса да, Жаратқаны осы 


18 
бақыттылығына риза болсын деді ме, әйтеуір бермеді. Өзінен үлкен ханым 
қызды болғанда өтініп сұрады. Ол ханым орданың бас ханымынан аса 
алмады. Ал бас ханым мүлде қарсы болды. Бас ханым Сүзгенің ханның көп 
әйелінің бірі емес, сыртқы сұлулығынан гөрі, ішкі жан-дүниесі өздерінен 
өзгеше, ақылының да бұлардан көш ілгері екенін сезетін-ді. Сол үшін де 
қызғанышы ішін өртеп, қолындағы жақсылықты жасауға мойны жар 
бермеген-ді. Бірақ, Сүзге бар уақытын өзінің ордасына арнады. Шаһарды 
гүлдендірумен бірге, оқу ісін жолға қойды, мұсылманшылықтың жолын ту 
етіп ұстады. Міне, осы бақытты кезеңін Рсейдің отарлаушы отрядының бұзып 
тұрғаны.
Көп ұзамай Сүзге ханым түс көреді. Ай астында аппақ арланға 
ұшырасып, екеуі бір-біріне ұзақ қарасып тұрды. Сүзге қорқудың орнына 
арланға жақындағысы келді. Сол арада бір қап-қара көкжал бөрі бұған тұра 
ұмтылды. Арлан бұны қорғамақшы болып, тістесе кетті. Ақ арлан мен қара 
көкжал үш күн айқасты. Әбден әлсіреген, қансыраған арлан азуын 
көкжалдың алқымына қадап, сілкіп, өлтіреді. Бірақ ақ арлан да қаны судай 
ағып, орнына әзер тұрып, көзден ғайып болады. Сүзге «жақсы ит өлімтігін 
көрсетпейді» деген-ау ойлағанынша болмады, шошып оянды. Тап сол сәтте 
кеудесіне сұп-суық бір нәрсе құлап түсті. Алғашында жылан деп ойлады, 
жәйімен қолын созып қарағанда хан иесінің алтын сапты алмас қанжары 
екен. Ақ арланның жеңгенін көріп, соны ғана медет тұтты.
Түс көргеннің ертеңінен хабар келіп, Сүзге ханымды Үлкен ордаға 
жеткізбектігін айтты. Бірақ, Сүзге бұған көнбеді. Өзіне сенген халқын тастап 
кеткісі келмеді. Не де болса бірге көрмекші болды. «Түс – түлкінің боғы» 
дегенімен қолға ұстатқандай болды. Әдебиеттегі психологизм турасында 
зерттеу еңбек жазған, филология ғылымдарының докторы Г.Пірәлиева түс 
туралы былай деп келтіреді: «Тек түс көру жағдайы ғана адамның табиғи 
өмірлік тәжірибесінде де психологиялық жағдайын ашып беретін бірден-бір 
сезімдік құбылыс еді» [2,45]. Сүзге ханым кешегі көрген түсімен-ақ 
болашағын болжап қойып отыр еді. Енді ол ешкімнен де қорықпады да 
сескенбеді де. Көшім ханның Үлкен ордасын шапқан отарлаушылар жақын 
арада Сүзге ханымға арнап салынған шырайлы шаһар бар екенін естіп, бәрі 
жабылып кіші ордаға да жетті. Бір айдың үстінде кіші орда төтеп берді 
жауына. Не су бермей, не азық ала алмай қара халық күңіреніп кетті. Бәріне 
кінәлі етіп, Сүзгені айыптады.
Ханым Бас жасауылды шақырып, елшілікке жіберді. Атаман Грозаға үш 
шартын ұсынды. Әуелі шаһар жұртына бостандық сұрады. Соларды ұлысқа 
қайтару үшін бір үлкен кеме әзірлеп беруін сұрады. Шаһардың қарапайым 
жұртына сауға сұрап, әркім қайда барады сол жерге баруына рұқсат сұрады. 
Атаман Гроза да өз шартын айтты. Үш шартты орындайтынын, бірақ Сүзге 
ханым өз сарайында қалсын деген бұйрығын білдірді. Егер көнбесе, 
шаһарды ертең өртейтінін де айтты. Сүзге еш қиналмастан шартты қабыл 
алды. Ертеңіне Сүзге орадада қалған бар қазынаны халыққа теңдей бөлді. 
Тіпті өзінің әдемі матадан тігілген киімдерін де нөкер қыздарына үлестіріп 


19 
жіберді. Тек бір киер киімін ғана алып қалды. Таң ата шаһар халқы қақпа 
алдына жиналды, бәрі жиналған соң Сүзге ханым мұнараға шықты. Содан 
соң қақпаны аштырды, Ертіс өзені жағасында үлкен қайықтар тұр екен. 
Шаһардың бүкіл халқы қайыққа мініп, қайық қозғалған соң мұнарадан түсіп, 
өзінің ордасының қасындағы Хан саялап отыруды ұнататын нысаналы 
бәйтерекке жетті. «Хан иесін Сүзге ханым неше бір дауылдарды басынан 
өткерсе де уақыт сынына төтеп беріп, қасқайып тұратын осы алып 
самырсынға ұқсатпаушы ма еді? Ана сом білектей бұтақтары мен одан 
тараған бұтақшаларын сансыз балалары мен өрен-жарандарына балайтын. 
Сүзге ханым жасаураған жанарымен көк жүзіне қарап:
-
Тәңірім, өзің кеше гөр күнәмді. Аузы түкті кәпірлерге тәнімді қорлата 
көрме! Өзің аманатқа берген жаныңды өзіңе тапсырамын, - деп, желбегей 
жамылған сулығының ішіндегі белдікке қыстырылған, өткен түсінде төсіне 
құлаған хан иесінің алмас қанжарын қолын алып, көзін жұма берді» [1,46].
Шаһарға кірген атаман Гроза биік бәйтеректің түбінде отырған Сүзге 
ханымға көзі бірден түседі. Қасына барғанда ханымның жан-тәсәләм еткенін 
көріп, қатты таң қалды. «Үлде-бүлдеге орап қойса болды, басқа әйелге не 
керек?» деген топас оймен күн кешкен атаман жас ханымның 
намысшылдығына, адалдығына, Көшім ханға шынайы берілген махаббатына 
іші қызғанышпен қарады. Бұған қала халқы неге керек болды екен? Халық 
үшін өмірін қиды, ал олардың қайсысы бұған жаны ашыды, тіпті «ханым неге 
қалады?» деген ойға келген де біреуі жоқ қой. Атаман Гроза ойының шетіне 
шыға алмады.
Сөйтіп, Сүзге ханым бүкіл шаһар халқына бостандық алып беріп, өзін 
құрбандыққа шалады. 
«Сүзгенің соңғы күндері» хикаятын оқи отырып, Ш.Бейсенованың тек 
ханым бейнесін көрсетіп қана қоймай, Қазақ деген ұлы халықтың тағы бір 
ерекше қырын ашуға бел байлағанын байқаймыз. Себебі, Сүзге ханның 
қалған алты әйелінен несі артық еді? Ең бастысы, кең даланың бұйра 
төсінде өзін қорғай алатын бес қарудың қай-қайсысымен де үйренгенін, аты 
нәзік болғанымен сол қасиетті елдің қызы болса да ар-намысы жоғары 
болғандығын, өзіне сенген жанның махаббатына адалдығын, өзіне сенген 
халықтың бар жай-жапсарын түгел орындай алатын батыр ару екенін 
толыққанды дәлелдеді. 
Хикаятта жаугершілік заманымен бірге бас кейіпкер - Сүзге тұлғасы да 
бірте – бірте сюжеттік желіде көтеріліп, өзіне тән ерекшелігі де сатылай 
баяндалады. Шығармадағы баяндау әдісі көбіне қаламгер – баяндаушының 
ой – пікірі арқылы беріледі. Жоғарыдағы ойдың жалғасындай болып келетін, 
Сүзге ханымның жастық шағы, Сібір жұртына келгенге дейінгі жолдың 
алғашқы тізбегі Сарыарқадағы қазақ жұртының тарихымен байланыстыра 
беріледі. «Хан иесі Сүзгенің бар қалауын орындауында өзіндік құпиялау сыр 
да жоқ емес-ті. Ол Сүзгенің бойынан ажар-көріктен басқа нәзік қайрат 
барын таныған. Намыс отын аңғарған. Намысшыл жанда опа бар. Басқа 
ханымдар балаларына арқаланып ханның өзіне сес көрсетер шақ туса, Сүзге 


20 
алаңсыз тек хан иесінің жайын жасарын арыдан болжап білгендей» [1,48]. 
Міне, Орданың бас иесі Көшім ханның ойымен Сүзгенің негізгі бет-бейнесін 
ашады қаламгер.
Автор шығарманың басты идеясы халық тағдыры, ал халық атынан сөз 
алып отырған Сүзге ханым екендігін байқатады. Себебі, алдымен қазақ 
халқының отарлаушылдық қырғынға ұшыраған кезеңімен таныстырып, кейін 
сол озбыр отаршылдық қысымнан шығар жолда құрбандықтың да мол 
болғанын сабақтастыра қарайды. Мұның бәрі, шығарманың негізгі мақсаты – 
халық тарихының шындығын, халық жүрегінен орын алған Сүзге ханым 
бейнесін көрсету еді. Себебі, «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятында
суреттелетін қаһармандардың бәрі дерлік аңыз, жыр арқылы халық 
санасынан орын алған жандар болатын. Сол фольклор туындыларында 
қалыптасқан эпикалық бейнелерді төмендетіп алмай, оларға реалистік 
нақтылық, даралық келбет дарыту оңай емес еді.
Әдеби шығарманың көркемдік деңгейіне қызмет ететін элементтердің 
бірі – психологизм табиғаты болса, суреткер қолданған көркемдік тәсілдің 
қай-қайсысы да кейіпкер табиғатының жұмбақ сырын ашу, сол арқылы 
шығарманың 
идеялық-көркемдік 
салмағын 
арттыру 
мақсатында 
қолданылады. Тіл құралымен адамның көркем образын жасау, ол үшін 
характерін типтік тұрпатта көрсетіп, ішкі жан-дүниесін айқын аша білу 
шеберлігі – қаламгер дарындылығының, таланттылығының бір қыры. Бұл 
мәселе жөнінде зерттеуші Г.Ержанова: «Психологиялық анализ жасауда 
кейіпкер мінезінің құбылысын, сөйлеу мәнерін, қозғалыс-қимылын 
айқынбояумен, жарқын детальдармен аша білу – жазушыдан шеберлікті 
талап етеді. Образ жасаудың диалог, монолог, портрет сияқты ортақ түрі 
болғанымен, оны қолдану тәсілдері, яғни образды мүсіндеу тәсілдері әр 
суреткерде әр басқа. Ол жазушының түйсіну, көре білу ерекшелігіне, 
көркемдік талғамына , шеберлік сырына байланысты» [3,76] – деп тұжырым 
жасайды. 
Шығармада оның тұлғалық ерекшелігі, өзіндік қасиеттілігі бірден 
биіктей бастайды. Тарихи шығармалардың негізін нақты болған айғақты 
құжаттар, дәлді деректер құраса да, ұшқыр қиялға, ойдан қосуға, жазушы 
қиялына ерекше көңіл бөлінген. Оқырман бұрынғы дәуірдегі халықтың 
тұрмыс-салтынан, әдет-ғұрпынан, болмыс-бітімінен, талайлы тарихи 
тағдырынан хабардар болады.
Ш.Бейсенова шығарманы жазар алдында Сүзге туралы бүкіл тарихи 
еңбектерді қарастырған болу керек. Оқырмандарының «Сіз неге Сүзгенің 
соңғы кезеңдерін жаздыңыз?» деген сұрағына былай деп жауап беріпті. 
Қаламгер өзінің Сүзгенің соңғы уақыттағы оқиғалармен алғаш танысқанын, 
сонымен бірге шығарманың баяндалар сюжеттік желісінен гөрі, биік шыңы 
болып есептелер Сүзгенің шешімі басты орында тұрғандай болды. Сол 
себепті де, Сүзгенің өмірінің соңғы уақытындағы ерекше қадамға барар 
жолын, көңіл-күйін, жан-тебіренісін бейнелеуді мақсат тұттым деп жауап 
қайырыпты.


21 
«Сүзгенің соңғы күндері» хикаятының бүкіл оқиғалық, сипаттамалық, 
талдау, көркемдеу жүгін – автор баяндаушы арқалаған. Осыдан барып 
шығармада баяндаушы қызметі маңызды орынға шығады. Қандай көркем 
туынды да айтушы, баяндаушының дәнекерлігі елеулі орынға ие болатыны 
белгілі. Дегенмен, «Сүзгенің соңғы күндері» туындысында баяндаушы ролі 
өзгешелеу болып келеді. «Бұл ретте жазушы ауыз әдебиетінің өміршең 
дәстүрлерінен үйрене білгендігін атап айтар едік» [5, 18].
Автор тарихи туынды желісіне өмір шындығын ғана алып қана қоймай, 
фольклорлық туынды дәстүріндегі иірімдерді де көркемдік тұрғысынан 
саралап туындысына арқау еткен. Ш.Бейсенова - түс көруді шығарманың 
идеясына сай орайын тауып, көркемдік еркіндігін, мол мүмкіндігін асқан 
талғампаздықпен, терең пайымдаумен, болашақтың қақпасына барар жол 
тұрғысында хас қаламгерлік шеберлікпен қолдана білген жазушы. Сүзге 
ханымның түс көру ұғымы халықтың болашаққа болжамы ретінде жорып, ел 
ертеңінен хабар бергендей әсер етеді.
«Сүзгенің соңғы күндері» туындысында бейнеленген кесек тұлғалар 
бастауында Сүзгенің бейнесін атаймыз. Бас қаһарман аңыз, жыр, 
жыраулардың толғаулары арқылы халық санасынан орын алған бейне 
болатын. Сол фольклор туындыларында қалыптасқан эпикалық бейнені 
төмендетіп алмай, оған реалистік нақтылық, даралық келбет дарыту оңай 
емес.
Шығарманың басты идеясы – ел басына күн туған заманда атқа мініп, 
жау қолында қалған қасиетті Орданы тазарту жолындағы айбынды күрестегі 
арудың бейнесін ту етіп көиеру. Сүзге сынды ел үшін туған арудың 
азаматтық, мәрттік қаиеттерін, елін мүддесін сатқан ақсүйектің қамқоршысы 
орыс отаршылдарына қарсы күресінің айбынды рухын ашу.
«...Белгілі бір тарихи кезең туралы шығарма жазғанда, сол дәуірдің ең 
басты типтік бетін, сипатын белгілейтін оқиғаларды ескермеуге болмайды. 
Онсыз дәуір сипатын толық жеткізу қиын», - дейді тарихи романдарды 
зерттеуші ғалым Т.Сыдықов [6,38]. Осы пікірге ден қоя отырып 
Ш.Бейсенованың дәуір тынысын толық жеткізіп, оқиғаларды өз 
шығармасына негіз еткенін байқаймыз. Солар арқылы Сүзге ханымның 
тарихи тұлғасын көркем образға айналдыра алған.
«Қазақ халқының көркем әдебиетінің өркендеп өсу жолында баға 
жетпес еңбек еткен қаламгерлер шығармалары – қазақтың сөз өнеріне 
тарихи мәні жетпес мұра екені даусыз» [4, 6]
Көркем туынды адамды тек қана жағымды қаһармандарының іс-
әрекетімен тәрбиелеп, шабыттандырып, қанттандырып қана қоймайды. 
Сонымен бірге ол кейіпкерінің әлеуметтік, азаматтық бет – бейнесін
көрсетіп, тәрбиелеу құралына айналдыратын басты моральдық сипат бергіш 
күш. 
«Көркем әдебиетте суреткерлік шыншылдық, психологтық жітілік, ең 
бастысы шаттыққа бермес әдемі мұң, әдемі үміт, кәусар мөлдірлік керектігі, 
көркем образдардың табиғи, таза болмысы бағалы екені мәлім» [7, 54], - деп 


22 
белгілі әдебиеттанушы ғалым, профессор Б. Майтанов атап көрсеткеніндей 
Ш.Бейсенова қаламынан туған кейіпкерлер бейнесі жандарының 
тазалығымен, биік те асыл арман-мақсаттарымен оқырманына әсер ете 
отырып, жазушының психологтық жітілігін, өмірге деген реалистік 
көзқарасын танытады.
Адамгершілік ізгі ниетті берік ұстанған әрбір қаламгердің басты міндеті 
халық көңілінен шығу, яғни халықтың көкейіндегі ойын дәл ұға біліп, 
суреткерлік қырағылықпен айту десек, жазушы Шәрбану Бейсенова ол 
міндетін орындады әрі өзіне тән қаламгерлік зергерлікпен кестеледі. 
Қорыта келгенде, Ш.Бейсенова халық өмірін кең қамтып, тұтас бір 
тарихи кезеңнің панорамасын жасап қана қойған жоқ, ол ел тірлігіне терең 
бойлап, оның қалың қабатына ой жүгіртіп, түрлі сырларын ашты. Естен 
кетпес көркем бейнелер, ұрпақтан ұрпаққа жетерлік, тозбайтын, өлмейтін 
ұлттық характерлер жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет