202
сайынғы табысының деңгейін шамалаңдар. Өз
табыстарының шамамен жартысын олар өз
отандарынан жіберетінін ойлаңдар. Ай сайын
және жылына елдеріне қанша ақша жөнелтетінін
есептеңдер. Оны осыған ұқсас мәнге ие қандай да
бір
елдің
бюджетімен
салыстырыңдар.
Өздеріңнің есептеу тәсілдеріңді түсіндіріңдер.
Шетелде қанша қазақстандық уақытша жұмыс
істеуде?
Олардың
елімізге
жасайтын
аударымдарының
жиынтық
деңгейін
шамалаңдар.
Халықаралық
өзара есептесулер мен ақша
аударымдарын жүзеге асыру үшін қазақстандық
банктер қандай банктік қызмет түрін ұсынады?
Сендер бұл сұрақтарға банктердің жарнамаларын
оқу, банк қызметкерлерімен немесе халықаралық
есептесулер мен аударымдар жасаған тұлғамен
сұхбаттасу арқылы жауап бере аласыңдар.
3-тапсырма.
«Туризм – халықаралық экономикалық
қатынастардың үлгісі тәрізді»
Контурлық
картадан
түрлі
тәсілдермен
туристерді
қабылдау
бойынша
жетекші
орындарда тұрған елдерді көрсетіңдер. Ірі
халықаралық туристік орталықтарды белгілермен
көрсетіңдер.
Түрлі сызбалардан халықаралық туризмнің даму
түрткіжайттарын,
туризмнің жағымды және
жағымсыз
әсерін,
туристік
индустрияның
құрамын көрсетіңдер.
Сызық бойынан өзінің саяхаты барысында
туристің қозғалыс графигін және оған әрбір
кезеңде
қызмет
көрсететін
туристік
индустрияның кәсіпорнын көрсетіңдер.
Бір туристке түрлі салада жұмыс істейтін қанша
адам қызмет көрсететінін болжаңдар. Мысалы,
банктің бір қызметкері,
микроавтобустың бір
жүргізушісі, дүкеннің сатушысы т.б.
Туристік индустрияның құрамына кірмейтін тағы
да қандай салалар мен экономика секторлары
келуші
туристердің
саны
артуына
орай
дамитынын анықтаңдар. Мысалы, мейманханалар
қажет
болғандықтан
құрылыс
дамиды.
Кәсіпорындарға азық-түлік, саланың өнімдерін
жеткізетін малшаруашылығы дамиды.
Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәліметтері
бойынша, бір турист,
орташа есеппен туристік
203
аймақта үш күн болады және әр күні 100 АҚШ
долларын жұмсайды. Әлемнің әр еліне келетін
туристер туралы статистикалық деректерді
тауып, сол аймаққа бір жылда түсетін жалпы
ақша
сомасын
есептеңдер.
Осы
тәсілді
пайдаланып туризм саласындағы Қазақстанның
әлеуетін бағалаңдар.
Жұмыстарыңның
нәтижесін постер немесе
ақпараттық график түрінде көрсетіңдер.
Сабақ соңы
Осы бөлімде өткен тақырыптар бойынша:
1.
Үзінді. Бөлімнің толықтай негізгі идеясын
көрсететін бірнеше сөйлемнен үзінді таңдап
алыңдар не болмаса әзірлеңдер.
2.
Дәлелдеу. Сен әзірлеген үзінді толықтай бөлімнің
негізгі идеясын көрсететінін дәлелдеңдер.
3.
Сұрақ. Бөлім бойынша қиындық туғызған 1
сұрақты айтыңдар.
4.
Жауап. Сұраққа жауап беріңдер
5.
Қорытынды.
Рефлексия
Бүгін сабақта:
- ... қиындық туғызды.
- ... оңай болды.
- ... менің қолымнан келді.
- Мен ... екендігін түсіндім.
Достарыңызбен бөлісу: