Р. А. Қаратабанов, Бекдаирова В. Ж


-тапсырма. «Жұмыс күшінің халықаралық көші-



Pdf көрінісі
бет218/234
Дата06.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#79673
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   234
Байланысты:
9 сынып ктж. қмж

2-тапсырма. «Жұмыс күшінің халықаралық көші-
қоны»
Қазақстанда көптеген елдердің азаматтары жұмыс 
істейді. Шетелдік еңбек мигранттарының саны туралы 
статистикалық 
мәліметтермен 
танысыңдар 
және 
неліктен олар өз отандарын тастап, Қазақстанға 
келгендігін анықтаңдар. Түрлі елдердің азаматтарының 
елінен кету себебі де әртүрлі. Өз болжамдарыңды 
айтыңдар және сендердің айтқандарыңды растайтын 
аргументтер мен фактілерді табыңдар.
Аргумент – 
бұл дәлел, айғақ.
Факт –
бұл нақты, 
толықтай айқын оқиға, құбылыс; шынымен де орын 
алған, әлі де болып жатқан, бар нәрсе. Мысалы: 
аргумент – елде табыс деңгейі өте төмен. Факт – адам 
басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі – 300 АҚШ 
долларынан төмен. Немесе аргумент: Қазақстанда 
мұндай 
кадрларға 
мұқтаж. 
Факт: 
әлеуметтік 
зерттеулердің мәліметтері бойынша, елде мұнай-газ 
саласына арналған бағдарламалық қамсыздандыруды 
жүзеге асыру саласының мамандары өте аз. 
 

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктердің 
санын анықтап, олардың біздің еліміздегі ай 


202 
сайынғы табысының деңгейін шамалаңдар. Өз 
табыстарының шамамен жартысын олар өз 
отандарынан жіберетінін ойлаңдар. Ай сайын 
және жылына елдеріне қанша ақша жөнелтетінін 
есептеңдер. Оны осыған ұқсас мәнге ие қандай да 
бір 
елдің 
бюджетімен 
салыстырыңдар. 
Өздеріңнің есептеу тәсілдеріңді түсіндіріңдер.
 

Шетелде қанша қазақстандық уақытша жұмыс 
істеуде? 
Олардың 
елімізге 
жасайтын 
аударымдарының 
жиынтық 
деңгейін 
шамалаңдар.
 

Халықаралық өзара есептесулер мен ақша 
аударымдарын жүзеге асыру үшін қазақстандық 
банктер қандай банктік қызмет түрін ұсынады? 
Сендер бұл сұрақтарға банктердің жарнамаларын 
оқу, банк қызметкерлерімен немесе халықаралық 
есептесулер мен аударымдар жасаған тұлғамен 
сұхбаттасу арқылы жауап бере аласыңдар.
 
3-тапсырма. 
«Туризм – халықаралық экономикалық 
қатынастардың үлгісі тәрізді» 

Контурлық 
картадан 
түрлі 
тәсілдермен 
туристерді 
қабылдау 
бойынша 
жетекші 
орындарда тұрған елдерді көрсетіңдер. Ірі 
халықаралық туристік орталықтарды белгілермен 
көрсетіңдер.
 

Түрлі сызбалардан халықаралық туризмнің даму 
түрткіжайттарын, туризмнің жағымды және 
жағымсыз 
әсерін, 
туристік 
индустрияның 
құрамын көрсетіңдер.
 

Сызық бойынан өзінің саяхаты барысында 
туристің қозғалыс графигін және оған әрбір 
кезеңде 
қызмет 
көрсететін 
туристік 
индустрияның кәсіпорнын көрсетіңдер. 

Бір туристке түрлі салада жұмыс істейтін қанша 
адам қызмет көрсететінін болжаңдар. Мысалы, 
банктің бір қызметкері, микроавтобустың бір 
жүргізушісі, дүкеннің сатушысы т.б.

Туристік индустрияның құрамына кірмейтін тағы 
да қандай салалар мен экономика секторлары 
келуші 
туристердің 
саны 
артуына 
орай 
дамитынын анықтаңдар. Мысалы, мейманханалар 
қажет 
болғандықтан 
құрылыс 
дамиды. 
Кәсіпорындарға азық-түлік, саланың өнімдерін 
жеткізетін малшаруашылығы дамиды. 

Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәліметтері 
бойынша, бір турист, орташа есеппен туристік 


203 
аймақта үш күн болады және әр күні 100 АҚШ 
долларын жұмсайды. Әлемнің әр еліне келетін 
туристер туралы статистикалық деректерді 
тауып, сол аймаққа бір жылда түсетін жалпы 
ақша 
сомасын 
есептеңдер. 
Осы 
тәсілді 
пайдаланып туризм саласындағы Қазақстанның 
әлеуетін бағалаңдар. 

Жұмыстарыңның нәтижесін постер немесе 
ақпараттық график түрінде көрсетіңдер. 
Сабақ соңы 
Осы бөлімде өткен тақырыптар бойынша:
1.
Үзінді. Бөлімнің толықтай негізгі идеясын 
көрсететін бірнеше сөйлемнен үзінді таңдап 
алыңдар не болмаса әзірлеңдер. 
2.
Дәлелдеу. Сен әзірлеген үзінді толықтай бөлімнің 
негізгі идеясын көрсететінін дәлелдеңдер. 
3.
Сұрақ. Бөлім бойынша қиындық туғызған 1 
сұрақты айтыңдар. 
4.
Жауап. Сұраққа жауап беріңдер 
5.
Қорытынды.
Рефлексия 
Бүгін сабақта: 
- ... қиындық туғызды. 
- ... оңай болды. 
- ... менің қолымнан келді. 
- Мен ... екендігін түсіндім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет