201
айналысатын
қазақстандық
өндіруші
басқа
фирмалардың түрлі елдерде өз тауарларын қандай
бағада сатып жатқанын қалай біле алады?
4-топ.
Қазақстандық фирма өзінің тауарын
шетелдік сатып алушыға сатты делік, бірақ ол қандай
валютамен, қандай тәсілмен есеп айырысатынын және
тауар алуға төленген ақша қашан түсетінін білмейді.
Бұл сұрақтардың барлығына қандай коммерциялық
ұйым жауап бере алады, сонымен қатар, өздері өзара
есептесу бойынша көрсетілетін барлық қажетті
қызметтерді ұсынады?
5-топ.
Егер
қазақстандық
фирма
өзінің
өнімдеріне тұрақты сатып алушы тапса және сатып
алушы фирма өндіретін көлемнен де көп мөлшерде
сатып алуға дайын болса, онда қандай өндіріс
нұсқаларын ұсынар едің? Алайда сатып алушы
айтарлықтай қашықта тұрады. Оның елінде металл
құрастырылымдарын шығаратын фирмалар бар. Бірақ
олар
шикізат
сатып
алу,
өндірісті
жаңалау,
жұмысшыларға еңбекақы төлеу үшін қаржылай
қиындықтарды бастан өткеруде. Олардың металлургия
саласындағы жұмыс тәжірибесі қазақстандық фирмаға
қарағанда азырақ. Және де бұл фирмаларға капитал
қажет. Ал қазақстандық фирма бірнеше табысты
сатылымнан кейін қаражат жинақтап алды.
Достарыңызбен бөлісу: