4 ТАҚЫРЫП. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ГЕОХРОНОЛОГИЯ – ЖЕРЖЫЛНАМА. Лекция тезистері:
Геология
тарихи
ғылым,
сондықтан оның
негізгі
мақсаттарының бірі – Жердің тарихын кезеңдерге жүйелеп
ӛткенді қайта қалыптасыру.
Жер планета ретінде шамамен осыдан 4,6 млрд. жыл бұрын
қалыптасқан. Жердің қалыптасу және даму тарихынде екі ірі,
ӛздерінің ұзақтығы бойынша әркелкі – геологияға дейінгі және
геологиялық кезеңдерге бӛлінеді.
Геологияға дейінгі кезең ұзақтығы 0,5-0,6 млрд. жылдай
уақыт аралығын қамтиды. Бқл кезең зерттеушілерге әлі анық
емес, ӛйткені ең кӛне тау жыныстарының нақты жасы 4,0 млрд.
жылдан аспайды. Жердің геологияға дейінгі эволюциясының
негізгі мазмұны – оның бастапқы біркелкі затының қабықтарға
(геосфераларға)жіктеліп, Жердің қатты денесі, атмосфера және
гидросфера қалыптасуымен аяқталуы. Экзогендік процестерпайда
болған кезден Жердің жаңа, геологиялық даму кезеңіне аяқ
басқаны анықталады.
Геологиялық кезең жер қыртысы қалыптасқан кезден, қазірге
дейінгі уақытты қамтиды. Бірқатар зерттеушілердің пікірінше,
атмосфера мен гидросфера планета аккрециясының аяққы
сатысымен (қатты Жер жаралумен) бір уақытта, оның
қойнауының қарқынды, тіпті апатты немесе қопарылысты
газсыздану нәтижесінде қалыптасқан кӛрінеді. Осы кезде
бастапқы жер қыртысынан кӛп мӛлшерде ұшпа қосылыстар
бӛлініп шыққан. Осы кезеңнен бастап, Жердің ішкі жылуынан
Күннен келетін жылудың басымдығы артқан. Ал жер бетінде
негізгі екі: эндогендік және экзогендік процестер тобы орын
алады.