8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ҧсыныстар Негізгі және қосымша әдебиеттерді қолдана келе, дәптерге
бақылау сұрақтарына жауап жазу. Жанғыш пайдалы қазбалар
жӛнінде кесте толтыру. Кестені толтыру үшін атластар мен
қабырға карталарын пайдаланған жӛн. Кестеде пайдалы
қазбалардың таралуы және маңызы туралы деректер болуы керек.
Оротектоникалық картаны құрастыру үшін Қазақ ССР-нің
атласын (1990 жылғы) пайдалану керек. Қазақстанның кескін
картасына үзілмелі сызықтармен (қоңыр қарындашпен) Оңтүстік-
Шығыс бӛліктерінің тау жүйелерін және орташа таулардың
сызбаларын белгілеу. Нақты шартты белгілер арқылы тау
жүйелерінің нӛмірін белгілі сандар арқылы белгілеу.
Жұмысты орындау үшін геохронологиялық кестені негізге
алады. Ондағы барлық кезеңдерге масштабты 1 мм-де 2 млн. жыл
деп ал, антропоген үшін 1 мм-де 10000 жыл деп алу керек.
Миллиметр қағазына кестедегі түспен дәлдеп, сызбалар жасайды.
Соңында сызғыш құралады. Алдыңғы сабақтардағы кембрийге
дейінгі кезеңге сай құрастырылған геохронологиялық сызғышпен
салыстырып, талдау жасау.