Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Тарының сорттары жəне стандарттау



Pdf көрінісі
бет160/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.10.4. Тарының сорттары жəне стандарттау
Қазақстанның Батыс аймақтарында тарыны астық өндірісіндегі 
брендке айналдыруға болады, өйткені бұл дақыл амилопектинді 
крахмалға бай. Тарының осы ерекшелігіне қарай оны тамақ, тоқыма, 
қағаз, тау-кен жəне металлургия өнеркəсіптерінде кеңінен қолданады.
Жергілікті жерде өндірілетін тарының құрамындағы амилопектинді 
крахмалдың мөлшері 75-78 пайызға дейін жетеді. Тарының осындай 
сорттарынан өндірістік масштабта крахмал өндіруге болады.
Қазақстанда «тары атасы» атанған Ш. Берсиевтің 125 жылдығына 
орай 2006 жылы тарының жаңа сорты «Памяти Берсиева» шығарылды. 
2009-2011 жылдары «Памяти Берсиева», «Яркое 3» жəне «Яркое 5» 
атты тарының жаңа сорттары Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Алматы 
облыстарында кеңінен егістік алқаптарында қолданыла бастады.
Қазақстандағы селекциялық жетістіктер реестріне осы дақылдың 
10 сорты енгізілген, соның ішінде 3-еуі ақтөбелік селекционерлердің 
жетістіктері.
Еліміздің аймақтарында, егістік алқаптарында жиі кездесетін 


216
тарының жаңа сорттарына: Шортандинское 10 (2009), Шортандинское 
11 (2011), Саратовтық 10 (2006), Павлодарлық (2011), Аружан (2007) 
жəне тағы басқалар енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет