Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет20/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

3.3. Арамшөптер жəне олармен күресу
Арамшөптер егін шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Олар 
жер 
дің, жоғарғы қабатынан көптеген қоректік заттар мен суды 
пайдалана ды да, мəдени өсімдіктердің өнімін жəне оның сапасын 
едəуір төмендетеді. Арамшөптердің көпшілігінің дəні, өсімдіктің, 
өзі улы жаман иісті немесе жаман дəмді болады. Арамшөптер мəдени 


36
өсімдіктердің арасында өскенде оларға көлеңке түсіреді, ауруға 
шалдықтырады, ал зиянды жəндіктердің көбі сол арамшөптердің 
қалдықтарына жұмыртқа салып, не өздері қыстап шығады. Тышқан 
сияқты егістің жаулары арамшөптердің қорықтарында өмір сүреді.
Арамшөптердің кейбіреулері ауылшаруашылық дақылдарының 
белгілі біреулерінің арасында ғана өсе алады. Оларға куколь 
(қарамықша), көктікен (василек), саумал шырмауық (гречишка вьюнко-
вая), арамқұмық (мышатник), т.б. жатады, ал қара сұлы барлық дəнді, 
бұршақ тұқымдастардың егістіктерінде өсе алады, ал қырлық тек 
қарақұмық егістіктерінде ғана өседі.
Кейбір арамшөптер тек қана белгілі бір климат аймағында өседі, ал 
саумал шырмауық, бидайық сияқтылар барлық жер жүзінде өсе алады. 
Сондықтан оларды космополит, Жер шарында кең тараған өсімдіктер 
деп атап кеткен. Кейбір арамшөптер тек жаздық егістерде, ал екінші 
біреулері тек күздік егістіктерде ғана өсе алады.
Ауыл шаруашылығында жекелеген арамшөптерге карантин 
ашылған. Олар əртүрлі аудандарда əр қалай болады. Ал карантин болса, 
ол бір ауданнан карантинге жататын арамшөптің тұқымын басқа ауданға 
алып баруға тыйым салады. Ондай, əсіресе, тұқымға арналған астықты, 
əбден тазалап, содан соң ғана, карантин станциясының рұқсатымен 
жөнелтеді. Бұл карантин зиянды шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаларға 
да салынады. Барлық сыртқа шығарылатын басқа жақтан əкелінетін 
астықтың бəрі карантин станциясында тексеріледі. Тек содан кейін ғана 
қабылдауға немесе жөнелтуге болады. Тіпті, болмаса, оларды қайта та-
залайды немесе құртып та жібереді.
Қазақстанда кездеспейтін карантиндік арамшөптер: 
Приморье 
амброзиясы, бузинник пазушный, калифорниялық, күнбағыс, стри-
ги, т.б. аздап кездесетіндері: жусан жапырақты амброзия, үш бөлікті, 
жалаңаш шашақты, біржылдық арам күнбағыс, жатаған кекіре, құстұмсық 
меңдуана, тікенді ценхрус, арам шырмауықтардың 13 түрі, т.б. Бұлардың 
көпшілігі Қазақстанда өспейді. Сондықтан олардың қазақша аттары да 
жоқ. Зертханалық жұмыстарда Қазақстанда кездесетін арамшөптердің 
тұқымымен танысамыз. Оның ішінде: қарамықша (куколь), кекіре (гор-
чак), гүлкекіре (вязель), түйе бұршақ,(донник), арамқұмық (мышатник), 
қырлық (гречиха татарская), ақ мия (сафора лисохвостая), қызыл мия 
(сафора толстоплодная, горчак – сафора), сүйелжазар (гелиотроп), трихо-
десма, жабайы тарылар, у бидайық (плевел), ермен, қара сұлы, бидайық, 
арпабас (костер ржаной) шырмауық қарақұмық (гречишка вьюнковая), 
шырмауық, укекіре (василек) жəне басқаларды жатқа білу керек.


37
Арамшөптермен күресу шаралары. 
Егістіктің өнімі жоғары болу 
үшін ол арамшөптен таза болуы керек. Сондықтан арамшөптермен 
күрес үздіксіз жүргізілуі тиіс. Оған:
– тұқымды жақсы тазалау;
– егістіктердің арамшөптерін шөптеу, отау;
– егістікке жақын арық жəне басқа пайдаланылмайтын жерлердегі 
арамшөптерді жою;
– егінді дер кезінде, арамшөптердің тұқымы піспей тұрып орып, 
жинау;
– егін суаратын судың таза болуы; ол үшін каналдар мен арықтардың 
жағасындағы арамшөптерді гербицидтер немесе басқа да тəсілдермен 
жою;
– егінді осы аумақта аудандастырылған, ауа райының қолай-
сыздығына шыдамды сорттармен егу;
– егістіктерде арамшөптерді жоятын құрт-құмырсқа, шыбын-
шіркейлерді пайдалану;
– алып келінетін, сыртқа шығарылатын тұқымдық астыққа карантин 
қою;
– ауылшаруашылығының барлық бөлімдерінде агротехникалық ша-
раларды толық қолдану – сүдігер көтеру, себудің алдында егістік жерді 
культивациялау, тұқымды 5-6 см тереңдікке, жылы жəне ылғалды жерге 
орналастыру, тыңайтқыштар беру, т.б. шаралар колдану;
– гербицидтер қолдану сияқты шаралар жатады.
Қазір əртүрлі арамшөптерді жоюға арналған гербицидтер 
шығарылған. Олардың кейбіреулері барлық өсімдіктерді жояды. Олар, 
мысалы, өсімдіктің жапырағын жояды, содан барып ол өледі. Бұған май 
тəрізді гербицидтер жатады. Олар тесікшелерді бітеп тастайды да, одан 
тыныс алу жəне фотосинтез үдерістері тоқтайды. Оларға днок, нитро-
фен, пентохлорфенолят, реглон, солан, минералды майлар; улы заттар-
дан: 2,4 Д, 2М-4Х, атразин, симазин, т.б. жатады. Олардың көпшілігі 
жалпақ жапырақты арамшөптермен күресуге пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет