38
тарды
пайдаланатынын, көпжылдық бұршақ тұқымдас дақылдардың
тамыры жер қыртысында көптеген азот қалдыратын қасиетін есеп-
ке ала отырып жүргізіледі. Осы eгic танаптарында сүдігер де,
күздік жəне
жаздық дақылдар, көпжылдық бұршақ тұқымдастар,
кең аралықта егілетін егістер тағы басқалар да болуы керек. Бір
танапқа бір дақыл тек бірнеше жылдан кейін ғана қайта оралады.
Осы бірінші дақылдың осы танапқа қайта оралып келуін бір ротация
(айналу мерзімі) дейді. Егер 8
танапты ауыспалы егіс болса, сонда
бірінші дақыл тек 8 жылы ғана осы танапқа қайта оралады. Бұл ай-
налыста əртүрлі дақылдардың алмасуына байланысты əртүрлі ауыс-
палы жағдайға ұшырап
арамшөптер де көбейе алмайды, ал зиянды
жəндіктер сол ауыспалы жағдайлардың əсерінен азая береді немесе
жоғалып та кетеді.
Ауыспалы егісте көпжылдық
шөптерден кейін жаздық бидай, пар-
дан кейін күздік бидай сияқты олардың маңыздылығына қарай орна-
ластырылады, ең ақырында арпа, сұлы сияқты дақылдар егіледі. Би-
дай ауыспалы егістің тыңайтқыштар
берілген танабына егілсе, оның
бір гектарынан 25-30 центнерге дейін өнім алуға болады, ал бір жерге
жылма-жыл
егіле берсе, оның өнімі 5-6 центнерден аспайды.
Достарыңызбен бөлісу: