82
жылу үймектің ішінде қалып, оларда өзінен-өзі қызу үдерісі бастала-
ды. Мұндай астықтың, оны кептіргеннен кейін де, түсі қоңыр тартып
тұрады, өнімділігі төмендейді, не тіпті, жойылып кетуі де мүмкін,
маңызының шығымы да, сапасы да төмендейді, көгере бастайды.
Мұндай жағдайлар бұршақ тұқымдастар мен жүгеріде көп кездеседі.
Олардың сыртқы қабықшалары ылғалды көп сақтап, кеппейді де, тез
бұзылуына əкеліп соғады.
Бидайдың өзінің табиғи түсін жоюы. Бидай қырманда ашық күнде
көп жатып қалса, оның қабыршақтарындағы бояу пигменттері бұзылып,
өзінің табиғи түсін жойып жібереді. Ал егер күзде бидай толық піспей
орылса, бидайдың дəні көк түрінде қалып, шөпек болып қалады, ал егер
олар кеппей тұрып, аяз ұрса, онда үсіп те кетеді. Үсіген дəннің қабығы
үгітіліп түсіп қалады.
Егер астық жауын-шашынға ұрынып, бір кеуіп, бір ылғалдана
берсе, өз түсі-түгін, сыртқы қабыршақтарының жылтырлығын тез
жояды. Бұл жою дəннің ішкі құрылыстарына да əсер етеді. Мұндай
астықтың эндоспермінің шынылық қасиеті жойылады да, өзіне тəн
емес «жалған» шынылық қасиетке ие болады. Осыған орай, белоктың,
клейковинаның құрылыстары да өзгереді. Сыртқы қабыршақтардың
өзінің табиғи қасиеттерінің жойылу себебінен, оларды сақтау кезіндегі
тұрақтылығы кемиді де, тез микроорганизмдерге жем бола бастайды.
Бұл жетіспеушілік əсіресе, қатты бидайдан макарон жасаған кезде
айқын көрінеді, оның сапасы төмендеп, жылтыр қоңыр-сары түсі жо-
йылып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: