91
стаса, сонда шығатын сасық жəне бөтен иістерін өзіне сіңіріп алуы-
нан да болады. Егер астық қоспаларының ішінде жусан, сарымсақ,
түйебұршақ, əшкөк сияқты күшті иісті дақылдар тұқымы немесе
(сарымсақтың) өзі қосылып кетсе, олардың иісі астыққа сіңіп қалады.
Қазақстанда егістіктерде ащы жусанның көп өсетіндігінен, оның
қоржындары астық қоспаларына өзінің ащы иісін қалдырады. Мұндай
астық жусан дəмді немесе жусан иісті астық деп аталады. Егер астық
сарымсақ бастарының иісін сіңірсе, оны сарымсақ иісті астық деп атай-
ды. Бұл иіс астықты тазалау, кептіру кезінде оңай ұшып, ал аздап қалған
қалдықтары болса, нан пісірген кезде түк қалмай шығып кетеді.
Астықты тасыған кезде автомобильдің қорабында басқа иісті (жанар
жəне жағар май) заттар болса, олардың иісі де астыққа сіңіп қалады,
ала егістік қара күйе ауруымен жарақаттанған болса, онда ол жаман
иісті қара қүйелі астық деп аталады да, улы заттар ұстайды. Егер астық
қоймасында астық кенесі көбейіп кетсе, онда кене (бал иісіне ұқсас) иіс
пайда болады. Қоймаларды газбен дəрілеген кезде оның технологиясы
бұзылса, у дəрілердің иісі де қалуы мүмкін.
Астық сақтау технологиясы бұзылса, оның өзінің ішінде де əртүрлі
иістер пайда болады. Оның ішінде уыт иісі көп тараған.
Достарыңызбен бөлісу: