МөЖ №2 Тақырыбы: «Қазақстанда кездесетін жусанның түрлері, ботаникалық сипаттамасы. Жусанның түрлерінің Қазақстанда таралуы және адам өміріндегі маңызы. Жусан түрлерінің емдік мақсатта қолдану тәртібі және формалары»
МӨЖ №2 Тақырыбы: «Қазақстанда кездесетін жусанның түрлері, ботаникалық сипаттамасы. Жусанның түрлерінің Қазақстанда таралуы және адам өміріндегі маңызы. Жусан түрлерінің емдік мақсатта қолдану тәртібі және формалары»
Біздің еліміздің бай өсімдіктер әлемі ертеден-ақ адам баласына қызмет етіп келеді. Қазақстан тұрғындары тірі табиғатпен дәстүрлі байланыста, олар ертеден-ақ өздерінің айналасындағы өсімдіктерді және олардың күнделікті тұрмыстағы пайдасы туралы жақсы білген. Солардың бірі – жусан.
Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ең ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік. Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай деп атаған.
Ертеректе Олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған.
Римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тәбетті арттырады деген. Жусан теңіз саяхатшыларын түрлі теңіз ауруларынан сақтайды.
1. Қазақстанда кездесетін жусанның түрлері, ботаникалық сипаттамасы
Жусанның сабақтары тік немесе көлбеу, көбінесе түптеніп өседі. Жапырақтарының пішіні әр түрлі кезекті орналасқан. Түптеніп өскен жеке сабақтарының ұшында сыпырғы тәрізді гүл шоғы бар. Сабақтары ұзынды-қысқалы, бір жылдық немесе көп жылдық болады. Көп жылдық сабақтары тұқым бермейді. Гүлі сарғылт. Жеке гүлдер диаметрі 1,5-1 мм-дей ұсақ зембілше және оның жүйесінде тұқым беретін болады. Гүл шығаратын бұтақшалары шілді-тамыз айларында пайда болып, қыркүйектің басында себет гүлі жарылып, майда тұқымдары шашылады. Тұқымнан өте баяу өседі. Бірінші жылы биіктігі 10-12 см бір ғана сабақ шығады. Бірінші және екінші жылы ғана гүлдейді, осы кезде 3-5 гүл (шоғырын) шығаратын сабақтар шығарады. Гүлінде 3-4, 94% сантонин болады.
Қазақстандағы Ғылым академиясы алғаш рет 1949 жылы мәдени түрде өсіре бастады.