Сабақтың тақырыбы Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, олардың қырларының өзара орналасуы, биіктік



бет1/5
Дата22.08.2017
өлшемі1,57 Mb.
#24227
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Сыныбы-9



Сабақтың тақырыбы

Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, олардың қырларының өзара орналасуы, биіктік


Мақсаты

Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида элементтері туралы түсінік қалыптастыру

Күтілетін нәтижелер


1. Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамиданың анықтамасын, элементтерін біледі

2. Көпжақтарды бейнелей біледі, формулаларды тиімді пайдаланып есептерді шығара алады

3. Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамидаға өмірден мысал келтіре алады


Керекті жабдықтар

Пирамида, призма, параллелепипедтің макеті, карточкалар, түрлі –түсті бор, оқулық, дербес компьютер

Сабақ барысы:



Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


1. Оқушылармен сәлемдесіп, кезекшілер арқылы топты түгендеймін, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтаймын

2. Топқа бөлу (Параллелепипед, призмалар, пирамида)



Суырғанда шыққан көпжаққа байланысты топқа бөлінеді

Тұсаукесер


І. Сабақтың мақсатымен, жоспарымен , критерийімен таныстырамын.

ІІ. Критерий: 1. Көпжақтың, параллелепипедтің, призманың, пирамиданың және олардың элементтерінің анықтамасын білу.

2. Тік және көлбеу параллелепипедтің, тік және көлбеу призманың айырмашылығын ажырата білу

3. Көпжақтың, параллелепипедтің, призманың, пирамиданың бүйір бетін есептеу формулаларын білу

ІІІ. Дүниежүзілік тарих пәнінен бізге мәлім «Әлемнің жеті кереметін» кім атап береді?



Енді экранға көз салып, Египеттегі пирамидалар жөнінде мәліметті тыңдайық.

-Ніл өзенінің батыс жағалауында аспанмен тілдескен «Әлемнің жеті кереметінің бірі – пирамидалар тұр.Олар Египет елінің елтаңбасы сияқты. Ең биік пирамида Хеопс перғауынға арнап салынған, ал оның биіктігі 150м жуық екен. Геродоттың есептеуінше құрылысты салуға 20жыл уақыт кеткен.Пирамидаға таяу жерде басы адам, ал тұлғасы арыстан бейнесіндегі алып мүсін- Улкен сфинкс бар, оны халық «үрей атасы» дейді екен.

Сонымен «Әлемнің жеті кереметінің бірі - пирамидалар» екен. Біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбының ішінде осы пирамидаға да тоқталатын боламыз.



І. Сабақтың мақсатын, жоспарын біледі

ІІ. Бағалау критерийін біледі

ІІІ.

Негізгі бөлім

І. Жаңа тақырып . (Презентация көрсетіледі)


S пар.т.б=Sб.б+2Sтаб S куб.т.б=6Sкв

Vпар=abc Vкуб=a3

Куб 3


S приз.т.б=Sб.б+2Sтаб ; Vприз=HSтаб
S пир.т.б=Sб.б+Sтаб; Vпир= HSтаб

Группа 34


S қ.пир.т.б=Sб.б+S1+S2
Vқ.пир= H(S1+S2+)

Эйлер теоремасы: Т-Қ+Ж=2 (ТӨБЕЛЕРІНІҢ САНЫ-ҚЫРЛАРЫНЫҢ САНЫ+ЖАҚТАРЫНЫҢ САНЫ=2)

ІІ. Оқулықпен жұмыс.

№745 1), №746 1)



ІІІ. Құзіреттілігін арттыруға тапсырмалар. "Кемпірқосақ" әдісі



Қызыл түс: Бейбітшілік және келісім сарайының суретінен 1)пирамиданың түрін анықтап, суретін салыңдар; 2) Сызғышпен өлшеп, берілгендерін жазыңдар; 3) Пирамиданың бүйір бетінің және толық бетінің аудандарын табыңдар

Сары түс: Пирамиданың берік болып шығуы үшін 4металдан жасаған труба орнату керек. Әр трубаның бірінші бөлігі 62 м биіктікке бекітілу керек, ал екінші бөлігі табандары 62 м болатын төбелеріне бекітілу керек. 297 м труба пирамиданы бекітуге жете ме?

Жасыл түс: Еденінің ауданы 6*4 м2, биіктігі 2,5 м. терезесі жоқ бөлменің қабырғаларына түсқағаз жапсыру үшін ұзындығы 15 м, ені 1 м түсқағаздың қанша бумасы қажет?

1 . Көпжақтардың анықтамасымен формуласымен танысады, дәптерлеріне жазып, суретін салып отырады.

ІІ. Тақтада орындалады.

ІІІ. Диалогтық оқытудың "кумулятивтік әңгіме" әдісі бойынша жұмыстанады.



Қорытынды


1. Балалар, әрқайсыларыңыздың алдарыңызда тікбұрышты параллелепипед тәрізді коробка бар. Төбелерінің санын, қырларын, жақтарын есептеңіздер. Эйлер теоремасы орындала ма тексеріңіздер. Коробканы жасау үшін қанша картон қағаз керек болар еді?

2. Қорытындылау, бағалау.

Сонымен, бүгін не үйрендіңдер? Бүгін біз білгендерімізге тағы не қостық? (Оқушыларды сабаққа қатысқаны бойынша марапаттаймын, критерий бойынша бағалаймын)



3. Үйге тапсырма: Параллелепипед, призмалар, пирамида түрінде тұрғызылған Астана қаласындағы ғимараттар жөнінде мәліметтер.

VI. тарау §4 №745 2)-4), №746 2)-4)



1. Әрқайсысы қырын, төбесін, жағын есептейді. Сызғышпен өлшейді. Параллелепипедтің толық бетін табады.

2. Рефлексия жазады



3. Үйге тапсырма алады

Нені білдім?

Нені білгім келеді?

Өзімді қалай бағалаймын?

Сабақ ұнады ма?



























Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет