дәріс. Математикалық сауаттылық слайдтар


математикалық пайымдау мен практикалық міндеттерді



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата06.02.2022
өлшемі137,62 Kb.
#80294
1   2   3   4   5
Байланысты:
4-дәріс. Математикалық сауаттылық

математикалық пайымдау мен практикалық міндеттерді 
шешу дағдысының маңыздылығы барған сайын арта түсуде, өйткені математика тілі 
табиғат әлемі мен адам өмірінің барлық қырларын ашуда қолданылады. 
Берілген мысалды қарастырып, осы тұжырымның дұрыс екендігіне көз жеткізейік. 
Логарифмдерді екі қарапайым мысал арқылы түсіндіруге болады. Оның біреуі – 
жеңіліс тапқандар біртіндеп шығып кете беретін теннис турнирі, ал екіншісі – 
бактериялардың көбею процесі. Мысалы, бес ұрпақ таратып, содан кейін өзі жойылатын 
бактерияның көбею жылдамдығын есептеу керек, келесі күні бұл бес бактерия тағы бес 
ұрпақ таратып, өздері жойылады т.с.с. Сізге бір бактерияның саны неше күнде миллиардқа 
дейін көбейетінін есептеу қажет. Бұл жерде сіз анықтауыңыз керек күндер саны логарифм 
болып табылады. Мұндай заңдылықтар шынайы өмірде кездесетін заңдылықтардың көрінісі 


болып табылады. Сондай-ақ теннис турниріндегі раундтар саны қатысушылар логарифмі 
болса, бұл үлгі де заңдылықтардың айқын көрінісі болып табылады.
Жеңіліс тапқандар шығып кететін турнир мен бактериялардың таралу процесінің 
арасында ешқандай айырмашылық жоқ, тек бір ғана ерекшелік бар: турнир көп 
қатысушымен басталып, соңында оны жеңіске жеткен бір қатысушы ғана аяқтайды, ал 
бактериялардың көбею процесінде керісінше процесс болады. Бірақ бұл бірдей көрініс, тек 
оның екінші жағын ауыстырып қарастыру керек! Математика – осыдай байланыстар туралы 
ғылым. 
Сонымен, құрметті әріптес, Сіз модульдің негізгі мәселелерін айқындадыңыз деп 
ойлаймыз. 
Математика 
жеке, 
қоғамдық 
және 
кәсіби 
мәселелерді 
шешумен 
айналысатындықтан, Сізге математикалық сауаттылық мәселелерін тағы бір рет талдап
математикалық сауаттылық аспектілерін қарастыру, өткен жылдардағы халықаралық 
зерттеулердің тапсырмаларын зерделеу және кез келген ғылым саласы математикасыз өзінің 
ғаламдық мәселелерін шеше алмайтынына тағы бір көз жеткізу қажет болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет