2.2. Интеграция деңгейінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саясаты ЕАЭО туралы шартта қызметкерлердің еңбек қызметі осы шарттың
ережелеріне сәйкес жұмыс істейтін мемлекеттің заңнамасымен ретте-
леді деп белгіленген. Алайда, шарт тек келісілген көші-қон саясатын
жүргізудің жалпы негіздерін белгілейді. Бұл шартта интеграция деңгейінде
үйлестірілген жұмыспен қамту саясатын жүргізу үшін негіздер немесе
тіпті алғышарттар жоқ. Еңбек заңнамасының барлық мәселелері және
жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар мүше мемлекет-
тердің ұлттық заңнамасы деңгейінде қарастырылады. ЕАЭО-ның бастапқы
және екінші заңдарында, яғни халықаралық шарттарда және Комиссия-
ның шешімдерінде аталған мәселелер қарастырылмайды.
Осылайша, интеграциялық деңгейде бүгінгі күні халықты жұмыспен қам-
туға жәрдемдесу мәселелерін реттейтін көздер жоқ.