Конрад Аденауэр атындағы Қор



Pdf көрінісі
бет3/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Кіріспе сөз
2017 жылдың мамыр айында, яғни ЭКСПО дүниежүзілік көрмесін өткізер 
алдында, «Қазақстан экономикасының трансформациясы» кітабының 
бірінші басылымы оқырманға ұсынылған кезде, оның таралымы бірнеше 
айда толық сатылатынын ешкім болжай алмады. Кейінгі екі жылда да 
Қазақстан экономикасының көптеген салаларында маңызды өзгерістер 
болды. Жаңа қиындықтар мен сын-тегеуріндер туындады, бірақ жаңа 
мүмкіндіктер мен перспективалар ашылды. Сондықтан да ол кітапты 
қайта басып шығара салмай, оның толықтырылған жаңа нұсқасын шығару 
қажеттілігі туындады.
Бұл кітап түбегейлі өңдеуден өтті, жаңа мақалалар қосылды, танымал 
авторлар тартылды. Алғашқы басылымдағы мақалалар жаңартылды 
немесе толықтай қайта қаралды.
Екінші басылым да, бірінші басылым сияқты, авторлар Қазақстан эконо-
микасын табысты трансформациялаудың маңызды аспектілерін Герма-
ния тұрғысынан қарастыруға тырысқан жалпы кіріспе шолу мақаласымен 
басталады. Осы мақаладан кейін салық заңнамасы, бизнесті ілгерілету 
немесе энергетикалық саясат саласында болсын, яғни өздері сол сала-
ларда танылған қазақстандық айтулы авторлардың жұмыстары келтіріледі.
Бірінші басылым сияқты, бұл кітап саясат пен бизнесте шешімдер қабыл-
дау құқығы бар тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстанның экономикалық даму 
үрдісіне қызығушылық танытатын мультипликаторлар мен барлық адам-
дарға арналған.
Осы кітап барлық оқырмандарға қызықты болады деген ойдамын және 
кітапты оқу барысында авторлардың тезистері, сондай-ақ Қазақстан эко-
номикасын табысты трансформациялау мәселелері нәтижелі талқыла-
нады деген сенімдемін.
Томас Хельм,
Қазақстандағы Конрад Аденауэр 
атындағы Қор Өкілдігінің Төрағасы



9
Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет