Конрад Аденауэр атындағы Қор


Қазақстан экономикасын трансформациялаудың



Pdf көрінісі
бет4/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Қазақстан экономикасын трансформациялаудың 
негізгі аспектілері (touch points) 
1
Томас Хельм (жауапты автор), 
Нұржан Сыздықов (тең автор)
Кіріспе
2016 жылғы желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап 
өтті. 
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің егемендігін жариялады 
және осылайша, 
КСРО-ның ыдырап жоқ болғанын Алма- Ата деклара-
циясы бекіткенге дейін 5 күн қалғанда Кеңес Одағы құрамынан шыққан 
соңғы ел болды. Тәуелсіздікті «кешеуілдетіп» жариялау себебі жүйеге 
деген адалдықтан емес, қазақстандық экономиканың ресейлік экономика-
мен тығыз байланысып жатқандығында еді. Тәуелсіздіктің алғашқы жыл-
дары үлкен экономикалық және әлеуметтік қиындықтармен ерекшеленді, 
өйткені Ресей 
90-жылдардағы бастапқы нарықтық жағдайында жүйесіз 
дамыды және Қазақстан экономикасын алға тартатындай күші де бол-
мады. Халықтың бойында сенімсіздік күшейе түсті. Осы уақытта көптеген 
адамдар елден кетіп қалды. Орыстардың көпшілігі бұрынғы кеңестік рес-
публикадан Ресейге тұрақты тұруға көшіп кетті. 1991 жылы Қазақстанда 
тұратын миллионға жететін немістердің шамамен 800 мыңы Германияның 
Негізгі Заңының 116-бабының ережесін пайдаланып, өздерінің тарихи 
отанына кетіп қалды. Бұл шешімді қабылдауға көбінесе экономикалық 
себептер түрткі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет