Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия: бірінші кезеңнің негізгі нәтижелері 2017 жыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның (2015–2018 жж.)
бірінші кезеңін іске асырудың соңғы жылы болды.
Тұтастай алғанда, оны жүзеге асыру нәтижелерін бағалау үшін келесі
қорытындыларды шығара аламыз:
біріншіден, Стратегияның мақсаттарын іске асыру өте жоғары қарқын-
мен басталды, бұл бізге күтілетін аралық мақсаттарға ресми түрде қол
жеткізуге мүмкіндік берді (жоспардың 64 іс-шарасының 63-і орындалды,
1 алып тасталды);
екіншіден, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тұжы-
рымдамалық тәсілді трансформациялау, алдын алу тетіктерін қалыптасты-
руға және тиісті құқықтық базаны құруға назар аудара отырып, 2018–2020
жылдарға арналған Стратегияның екінші кезеңінде сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы іс-қимылдың тиімді нәтижелеріне қол жеткізудің алғышарт-
тары жасалды;
үшіншіден, мемлекеттік институттарға және мемлекеттік сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы саясатқа қоғамның сенімі артты, сондай-ақ азаматтық қоғам-
ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетінің ұлғаюы үрдісі байқалады;