төртіншіден, мемлекеттік басқару кадрлар корпусында сыбайлас жемқор-
лық деңгейін төмендету үшін жағдайлар жасалды;
бесіншіден, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы, айқындылығы
және транспаренттілігі айтарлықтай өсті;
алтыншыдан, орталық және жергілікті атқарушы органдардың және ква-
зимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне қатысты ұйымдастыру-
шылық- басқару саласындағы жемқорлық тәуекелдер және нормативтік
құқықтық актілер алынып тасталды немесе азайтылды;
жетіншіден, еліміздің Қылмыстық кодексіне енгізілген түзетулердің
нәтижесінде
25 экономикалық құрам бойынша қылмыстық заңнаманың
репрессивтілігі азайды. Нәтижесінде, 2016 жылға қарағанда 2017 жылы
кәсіпкерлік субъектілеріне қарсы 2,5 есе аз қылмыстық іс тіркелді.
сегізіншіден, тұрмыстық жемқорлық 2/3 бөлікке азайды;
93
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: жағдайы және перспективалары
Практикалық нәтижелердің арасында сыбайлас жемқорлыққа ең бейім
келесі салалар мен бағыттардағы негізгі нәтижелерді атап өту керек:
18