біріншіден, мемлекеттік функцияларды 40%-ға, мемлекеттік қызметкер-
лер штатын
35–40%-ға қысқарту, мемлекеттік қызметшілердің сыйақысын
екі және одан көп есе азайту арқылы мемлекеттік органдардың бақылау
және қадағалау органдарын және функцияларын оңтайландыру (2018–
2020 жж. кезең аралығында);
екіншіден, бұл цифрлық технологияларды енгізу және сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы шараларды технологиялық қолдау;
үшіншіден, БҰҰ Конвенциясының және ЭЫДҰ-ның халықаралық стан-
дарттарын енгізу;
төртіншіден, бұл елдің СЖКМТ-на кіруі;
бесіншіден, бұл ЭЫДҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес желісімен,
ТМД-дағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекетаралық кеңеспен
және басқа да халықаралық ұйымдармен және мекемелермен арасын-
дағы белсенді ынтымақтастық.
Әрине, бұл шараларды қабылдау әртүрлі деңгейдегі шешімдер қабылдау
кезінде заңнамалық, ақпараттық, техникалық, қаржылық, білім беру және
ақпараттық деңгейде теңдестірілген және кешенді тәсілді талап етеді.