2. Халықаралық рейтингтердегі Қазақстан Республикасы 2017 жылы Қазақстан Doing Business рейтингі бойынша 36 орынды
иеленіп, Белоруссиядан (38-орын), Армениядан (47-орын), Қырғызстан-
нан (77-орын) озып шықты.
Саралаудағы ұстаным неғұрлым жоғары болса, бизнесті жүргізудегі рет-
теушілік ахуал соншалықты жақсы. Елдің индексі – бұл әрқайсысының тең
салмағы бар он көрсеткіштің орташа мәні.
Қазақстан «Миноритарлы инвесторларды қорғау» көрсеткіші бойынша рей-
тингтегі
190 елінің арасында 1-орынды иеленді. Екінші жылда республика
«Келісімшартты орындау» индикаторы бойынша алғашқы ондыққа кірді
(6-орын). «Мүлікті тіркеу» көрсеткіші бойынша еліміз 17 орынға ие болды.
«Төлем қабілетсіздігін шешу» көрсеткіші бойынша Қазақстан 39-орынды,
«Кәсіпорындарды тіркеу» – 41, «Салық салу» – 50, «Құрылысқа рұқсат алу» –
52, «Электр желілеріне қосылу» – 70, «Несие алу» – 77 және «Халықаралық
сауда» –123-орынды иеленді.