Бюджеттің ашықтығы индексі бойынша Қазақстан 102 елдің ішінде
53-орынға ие. Қазақстан Жаңа Зеландия, Швеция, Уганда, Түркия, Гвате-
мала және Доминикан Республикасы сияқты елдерден едәуір артта қалып
отыр. ТМД елдерінен Ресей, Украина, Қырғызстаннан артта қалып отыр.
Гана, Непал және Сенегал деңгейінде орналасқан. Үндістан, Моңғолия,
Пәкістан, Әзербайжаннан озық тұр.
World Justice Project халықаралық ұйымы жасаған 2017–2018 жж. Rule of
Law әлемдік рейтингіндегі Заң үстемдігі индексі бойынша Қазақстан
64-ші орынды иеленді. Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан 9 орынға
ілгерілеп, Индонезия (63-орын) және Белоруссия (65-орын) арасындағы
орынды иеленді.
Бұл рейтингтегі 113 ел кірген алғашқы үштікте Дания, Норвегия және Фин-
ляндия бар. Бұрынғы кеңестік республикалардың ішінде Украина рей-
тингте 77-орынды иеленіп, Молдовадан кейін тұр. Қырғызстан 82-орында,
Ресей 89-орында, Өзбекстан 91-орында.
«
Достарыңызбен бөлісу: |