Конрад Аденауэр атындағы Қор


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА



Pdf көрінісі
бет57/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА 
БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ
Рахым Ошақбаев
1. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау 
саясатына шолу
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың дамуы – жұмыспен 
қамтудың негізгі көзі, инвестиция тартудың, бәсекеге қабілетті экономи-
каны құрудың іргетасы және ҚР Ұлттық экономика министрлігі қызметінің 
басты басымдықтарының бірі.
Осы бағыттағы жұмыс үш жүйелі блоктарда жүзеге асырылады:
• мемлекеттік реттеуді жетілдіру және бизнес ахуалды жақсарту;
• қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және қолдау шарала-
рын жетілдіру;
• салалық кедергілерді алып тастау.
«Мемлекеттік реттеуді жетілдіру және бизнес ахуалды жақсарту» бағыты 
бойынша тиісті заң жобасы әзірленді. Ол мемлекеттік бақылауды және 
қадағалауды реформалауды, кәсіпкерлер үшін күрделі есеп беруді қысқар-
туға, бизнес шығындарын төмендетуге, бәсекелестіктің дамуына кедергі 
келтіретін нарық субъектілерінің айрықша құқықтарын шектеуге және 
Дүниежүзілік Банктің «Doing business» рейтингісінде Қазақстанның пози-
циясын жақсартуға мүмкіндік береді.
Келесі маңызды бағыт – «Кәсіпкерлік қызметті қаржыландырудың қол-
жетімділігін арттыру». Қолдаудың негізгі құралдары «Бизнестің жол кар-
тасы – 2020» бизнесті қолдау және бизнесті дамытудың бірыңғай бағдар-
ламасы, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 
бағдарламасы», сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының кредиттік 
желілері болып табылады.
2017 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын қолдау және 
дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 192 мыңнан астам 
кәсіпкерді қолдау шаралары қарастырылды, бұл 2016 жылға қарағанда 
10% артық.


104
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Сондай-ақ, 2017 жылдың аяғында сыйақы мөлшерлемелерін субсидия-
лау және несиелерді кепілдендіру есебінен 286,6 млрд теңгенің 3 351 
жобасы қолдау тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет