Конрад Аденауэр атындағы Қор


Қазақстанның шағын және орта бизнесінің заңды



Pdf көрінісі
бет63/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

4. Қазақстанның шағын және орта бизнесінің заңды 
құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған 
алаңшалар
Қазақстанда кәсіпкерлер үшін Мемлекет басшысының деңгейінде (Шетелдік 
инвесторлар кеңесі) және үкіметте (Инвестициялық ахуалды жақсарту 
жөніндегі кеңес), сондай-ақ инвестициялық омбудсменнің (Қазақстан Рес-
публикасының Инвестициялар және даму министрі) деңгейінде алаңша-
лар бар.
2013 жылдан бастап еліміздің кәсіпкерлерінің заңды мүдделерін қорғау 
мақсатында ең ірі бизнес- қауымдастығы ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкер-
лер палатасы (коммерциялық емес ұйым) құрылды.
Бұл алаңшалар инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде туындайтын 
даулы және проблемалық мәселелерді шешу үшін елдің бизнес- қоғамда-
стығының және инвесторлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
органдарымен өзара 
іс-қимылына арналған. Бұдан басқа, Қазақстан Рес-
публикасының Инвестициялар және даму министрлігінде шетелдік инве-
сторлармен өзара іс-қимыл жасау үшін «Бір терезе» құрылды.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, шетелдік 
инвесторлармен келісімшарт жасасу кезінде төмендегідей жеңілдіктер 
қарастырылған:
кеден бажынан босату (ҚР КК 287‑бабы);
мемлекеттік заттай гранттар (ҚР КК 288‑бабы);
• Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгерту кезінде тұрақты-
лық кепілдігі (ҚР КК 289‑бабы);
салықтық жеңілдіктер (ҚР КК 290‑бабы).


110
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Сондай-ақ Қазақстан аумағында:
кедендік баждардан босату;
• жер салығы – 0%;
• жер пайдалану салығы – 0%;
• мүлік салығы – 0%;
• корпоративтік табыс салығы – 0% түріндегі жеңілдіктермен арнайы 
экономикалық аймақтар бар.
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік меншік түріндегі 12,6 
мың кәсіпорын бар. Қазақстан Республикасына тікелей шетелдік инвести-
циялардың жалпы ағыны 
2017 жылы 20 миллиард доллардан сәл асты.
Сонымен бірге, бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 8,9 млрд АҚШ 
долларына немесе 28%-ға төмен, ал сол жылдан бастап Қазақстан Рес-
публикасында ТШИ ағынының төмендеуі басталады.
Бұдан басқа, 2018 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 
ресми түрде іске қосылды. AХҚО дамуының негізгі стратегиялық бағыт-
тары – капитал нарығы, активтерді басқару, дербес активтерді басқару, 
исламдық қаржыландыру және қаржылық технологиялар.
AХҚО жұмыс істей бастаған кезде инвестицияларды және активтерді 
басқаруды, private banking, қорларды басқаруды және әкімшілікті, касто-
диандық қызметтерді, исламдық қаржыландыруды және өкілдіктерді қоса 
алғанда, олардың кең ауқымын лицензиялайтын Қаржылық қызметтерді 
реттеу жөніндегі комитет қызметін бастады.
AХҚО аясында ағылшын коммерциялық құқық қағидаттарына және Лондон, 
Нью- Йорк, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты жетекші әлемдік қаржы орта-
лықтарының стандарттарына негізделген арнайы юрисдикция енгізілді. 
Коммерциялық және азаматтық дауларды қарайтын AХҚО тәуелсіз соты, 
сондай-ақ Халықаралық арбитраж орталығы құрылды.
AХҚО базасында ең жоғары халықаралық стандарттарға жауап беретін 
AIX жоғары технологиялық қор биржасы бар. Шанхай қор биржасы және 
NASDAQ AIX үшін стратегиялық серіктес болды.
Астанаға халықаралық сарапшыларды тартуды жеңілдететін «Экспат 
орталық» құрылды.


111
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту
AХҚО – бұл Орталық Азия, Кавказ республикалары, ЕАЭО, Таяу Шығыс 
елдері, Батыс Қытай аумағы, Моңғолия және Еуропа елдеріне арналған 
қаржылық хаб. AХҚО
ЭКСПО-2017 аумағында орналасады және заманауи 
инфрақұрылым мен озық технологияларды пайдаланады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы ДСҰ-ның, Еуразиялық экономика-
лық одақтың толыққанды мүшесі, Еуропалық Одақпен терең әріптестік 
туралы келісімге қол қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет