Қазақстандағы саяси тәуекел- менеджмент Досым Сәтпаев, PhD (political science) «Risks Assessment Group» үкіметтік емес, консалтингтік ұйымының дирек-
торы, Қазақстанның талдамалық ұйымдары альянсының тең құрылтай-
шысы. «Лоббизм: биліктің құпия тетіктері», «Қазақстандағы саяси ғылым.
Пәннің жай-күйі» атты монографиялардың авторы. Көптеген ұжымдық
монографиялардың тең авторы, соның ішінде: «Political extremism in
the Central Asia», «Level of political risk in Kazakhstan», «Kooperation mit
Zentralasien. Was will und kann die EU leisten», «Challenges of the Caspian
resource boom. Domestic Elites and Policy- making», «The Twilight zone: Traps
of the transition era», «MOLOTOV COCKTAIL. Anatomy of the Kazakh Youth»,
«Kazachstan. Tauelsiz memleket znaczy niepodlegle panstwo».
Аңдатпа • Саяси тәуекел- менеджмент кез келген мемлекеттің ішкі және сыртқы
саясатын жүзеге асыру кезінде белгісіздікті және кездейсоқтық фак-
торын азайтуға бағытталған іс-қимылды қамтиды.
• Қазақстанда ресми деңгейде саяси тәуекел- менеджменттің қажеттілігі
жақында танылды.
• Ұзақ уақыт бойы тәуекел- менеджмент мемлекеттік басқарудың
маңызды құралы болып табылмады. Бұл Қазақстанның саяси даму
ерекшеліктеріне байланысты болды.
• Билік органдарының өңірлік немесе ұлттық деңгейлерде жанжалды
жағдайларды шешуде тиімді саяси делдалы жоқ.
• Көптеген баламалы ақпарат көздерінің болуы тек мемлекеттік органдар тара-
пынан саяси тәуекелдерді тиімді басқарудың негізін қалауы мүмкін. Бірақ
бұл тек коммуникацияның көлденең сапалы өзгеруі жағдайында мүмкін.