5. Ақпаратқа қолжетімділік және бизнеске арналған «Ашық үкімет» (Open budget және т. б.) Қазақстан Республикасында ашық үкімет құру үшін мынадай шаралар
қабылдануда:
• «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы;
• Ұлт жоспары – «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру
үшін 100 нақты қадам» іске асырылуда. Есеп беретін мемлекеттің
қалыптасуы:
• 94-қадам. «Ашық үкіметті» ендіру;
• 96-қадам. Орталық мемлекеттік органдардың статистикалық
деректер базасына онлайн- қолжетімділік;
• 98-қадам. Азаматтардың тиісті бюджет жобаларын талқылауға
қатысу механизмдері.
Осы мақсаттар үшін Ашық деректер: (data.egov.kz), Ашық бюджет (budget.
egov.kz), Ашық НҚА (legalacts.egov.kz), Ашық диалог (dialog.egov.kz), Мем-
лекеттік органдардың тиімділігін бағалау (effectiveness.egov.kz) құрылды.