Біріншісі – статус-кво тобы (элита, бюрократиялық аппараттың бір бөлігі
және қоғамның бөлігі). Олардың басты міндеті қазіргі жүйенің қақтығыс-
сыз болуын барынша соза түсу.
Екінші топ – реформаторлар (жүйенің жұмсақ трансформациялануын
жақтаушылар). Бұған да элиталық және бюрократиялық аппараттың
бөлігі, сондай-ақ қоғамның сындарлы бөлігі кіре алады. Сонымен қатар,
реформаторлар транзиттің эволюциялық үлгісін жақтайтын оппозиция
бөлігінде де қолдаушыларды іздейді.
10
Нұрсұлтан Назарбаев – 2019 жылдың 19 наурызынан бастап Қазақстан Республикасы-
ның бұрынғы Президенті.