«Жібек жолы» жобалары Көптеген баяндамалар мен меморандумдардың
8
негізінде «Бір белдеу – бір
жол» жобасын Еуразияда іске асыру мынадай нәтижелерге алып келуі керек:
1. Каспий энергиясын ірі тұтынушыларға – Қытайға және тұтастай алғанда
AТА-на тасымалдауға ыңғайлы логистикалық инфрақұрылым құру.
2. Еуропаға қытай тауарларын экспорттау үшін көлік дәлізін құру.
3. Энергетикалық ресурстарды алу бағыттарын әртараптандыру үшін
Қытайдың ірі энергетикалық серіктестерінің бірі – Иранмен құрлық арқылы
көпір құру.
4. Еуропаға құрлық бағыттарын әртараптандыру.
Сондықтан да «Жаңа Жібек жолы» бағдарламасында ерекше маңызға ие
бірқатар жобалар бар.