41
арттырып, соның негізінде мазмұндылық пен бейнелілікті қатар
алғанда, басымдықты екіншісіне берген.
Толымсыз
ақпаратты
тақырыпаттарға
келсек,
олар
мақаланың мағыналық құрылымының қандай да бір бөлімінен
хабардар етсе де, мұны жарым-жартылай ғана іске асырады. Яғни
осындай мақала атауына тап болған реципиент оны оқығаннан кейін,
мақала мазмұны жайлы алғашқы түсінігі тұспалды түрде қалыптасады
да, ақпараттылық «көріністі» толық көріп, қорытынды ой шығару
үшін ол мақала мәтініне жүгінуі керек болады. Айталық,
«Қару қалай
берілген?»
(ЕҚ. – 30.05.2013) мақаласы. Оқырман мақала атауына
алғаш көзі түскенде, онда мәселе қару жайлы, оның тұспалды түрде
қандай да бір азаматқа заңсыз берілгендігі туралы екендігін
топшылайды делік. Бірақ бұл тек болжам екендігін түсініп, өзінің ойы
оң-теріс екендігін анықтау үшін мақаланы толық оқиды. Сонда ғана
автор Оңтүстік Қазақстан облысында полицияның жүйке аурулары
диспансерінде тіркеуде тұрған он тоғыз адамға қару алып жүруге
рұқсат бергендігін сынай айтқандығына көз жеткізеді. Бұл ретте тілші
риторикалық сұрақ түрінде құрастырған тақырыпаттың ақпараттылығы
толық болмаса да, есесіне экспрессивтілігі айтарлықтай жоғары,
соның негізінде оған деген оқырман қызығушылығы да бірқыдыру.
Көзіміз
жеткендей,
мұндай
тақырыпаттар
ақпараттылық
тұрғыдан «осалдау» болса да, оқырман назарын аударуда айтарлықтай
маңызға ие. Сол себепті қазіргі газет беттерінде толық ақпараттыға
қарағанда, толымсыз ақпаратты тақырыпаттар жиі кездеседі.
Толымсыз ақпаратты тақырыпаттар бір бағытты (мәтіннің
мағыналық құрылымының бір ғана элементімен байланысты) және
кешенді де болуы мүмкін. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: