Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі


) Ақпараттылық және мәтін мазмұнымен сәйкестік



Pdf көрінісі
бет15/80
Дата06.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#81360
түріМонография
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80
Байланысты:
7-gazet-gramm

2) Ақпараттылық және мәтін мазмұнымен сәйкестік 
талаптарының заманауи публицистикалық тақырыпаттарда 
көрініс табуы 
Тәуелсіз Қазақстанның публицистикасы, негізінен, қазақ және 
орыс тілді мерзімді басылымдар негізінде дамып келеді. Олардың 
әрбірінде газет тақырыпаттарының негізгі міндеттері, нақтылай айтқанда, 
ақпараттылық және мәтін мазмұнымен сәйкестік талаптарының 
көрініс табу деңгейі әртүрлі, әрқайсының оқырманға әсер етудегі 
өзіндік ерекшеліктері де сан алуан. 
Ақпараттылық.
Газет тақырыпаттарының ақпараттылық деңгейіне 
байланысты оларды толық ақпаратты және толымсыз ақпаратты деп 
бөлген жөн екенін айттық. Толық ақпаратты тақырыпаттар қазақ және 
орыс тілді мерзімді басылымдардың екеуінде де кездесетін 
«қарапайым» тақырыпаттар санатында. Ал мәтіннің бір емес, бірнеше 
мағыналық элементі көрініс табатын 
кешенді тақырыпаттардың
қазақ тілді газеттерде ең жиі кездесетін және әдеттегі көрінісі – бір-
бірімен «немесе», «яки», «болмаса» деген сынды шылаулармен 
байланысқан екі бөлімді тақырыпаттар. Оған келесі мақалалар дәлел: 
«
Түрме деген санаторий емес немесе темiр тор iшiндегi өмiр
» (ЕҚ. – 
12.08.2009), «
Есті қыз етегін жауып жүреді немесе оқу орындарында 
хиджаб кию мәселесі
» (СС. – 23.09.2010), «
Өркениеттiлiкке қалай 
жетемiз немесе кекшiлдiк пен жiкшiлдiк хақында
» (Ақ. – 2007. №7). 
Мұндай тақырыпаттардың негізгі ерекшелігі – бірінші бөлімде 
автор мақала жайлы жалпы хабар ғана (көбіне жалпы идеясы) беріп не 
мүлде жұмбақтап, тұспалдап айтса, екінші бөлімде оны толықтырып, 
оқырманға «сыр сандықтың» аузын аша түседі. 
Орыс тілді мерзімді басылым беттерінде де мұндай кешенді 
тақырыпаттар жиі кездеседі: «"
Портал" в прозрачность, или Зачем 
Правительство в Сети поселилось
» (КП. – 14.12.2010), «
В пасынках в 
родном государстве, или Почему в полный голос не звучит казахская 
речь
» (ЭК. – 09.06.2005), «
Операция "Ы", или Приключения немцев в 
Казахстане
» (К. – 07.01.2000). 
Кешенді тақырыпаттардың бөліктері бір-бірімен шылаусыз
тыныс белгілері арқылы да байланысуы мүмкін: «
Ауызына құдай сөз 
салған: Абайды толық танып болдық па?
» (П. – 2004. №6), «
Қазақстан 
мұнайы: Бiр ғасыр не бердi
» (З-Қ. – 08-14.09.1999), «
Ұйықтай бiлу де 
өнер: Кiм қанша және қалай ұйықтайды?
» (П. – 2004. № 11). «
Дорогу 
осилит идущий: Программа, стартовавшая в 2011 году, уже дает 


55 
результаты
» (КП. – 11.01.2012), «
Лошадь будет жить: Как 
отказаться от дурной привычке курить?
» (ЭК. – 19.08.2005). 
Толымсыз ақпаратты тақырыпаттар
алдыңғыларға қарағанда 
мазмұндылық тұрғысында «әлсіздеу» болса да, есесіне бейнелілік 
аспектісінде анағұрлым айшықты. Сол себепті мұндай мақала 
атаулары қазақ және орыс тілді публицистикада жиі кездеседі: 
«Болмайды, жаман болады!» немесе кей ырым-тыйымдардың мәні
» 
(ЖА. – 10.11.2009) және «
Жаман болады!
» (СС. – 11.08.2012). Екі 
мақала да бір тақырыпта, қазақ халқының ырымдары мен тыйым 
сөздері жайлы жазылған. Алғашқысының бірінші бөлімі мен екінші 
тақырыпат бірдей десе де болады. Егер бірінші мақала атауы сондай 
қалыпта ұсынылған болса, екеуін де толымсыз ақпараттыға жатқызар 
едік, алайда алғашқысында автор мақалаға кешенді атау құрастырып, 
бірінші бөлімінде хабардың «бетін» сәл-пәл ғана ашса да, екінші бөлім 
арқылы оны толықтырып, оқырманның қабылдауын жеңілдеткен. 
Сөйтіп, реципиент бұл мақала қазақ халқында бұрыннан келе жатқан 
ырым-тыйымдар жайлы сөз ететіндігін бірден аңғарады да, өзіне 
қызықты көрінсе, оны толық оқиды, жоқ болса, мақаланы кейінге 
шегереді. Ал екінші, «Жаман болады!» атты мақалаға келер болсақ, 
оны оқыған адресат толымсыз ақпаратты тақырыпатқа тап болып, ол 
не жайлы екендігін ойша тұжырымдай бастайды, мақала атауының 
мұндай экспрессивтілігін ескерсек, оқырман оны толық оқиды деген 
ықтималдық жоғары екендігі айтпаса да түсінікті. 
Мұндай құбылыстар орыс тілді мерзімді басылым беттерінде де 
жоқ емес. Мысалы, «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет