Дениет негіздері


-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет83/94
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#81409
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   94
Байланысты:
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ

4-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖӘНЕ
БИЗНЕС-ОРТАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 
МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
§ 14. Мемлекеттік қызметті реформалаудың сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы аспектісі
Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін реформалау.
Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс көптеген елдерде 
экономикалық және саяси сипаттағы бірқатар проблемалардың 
туындауына әкелді, саясаткерлер мен ғалымдардан қоғам мен әрбір 
адамның өміріндегі мемлекеттік басқарудың рөлін жаңаша бағалауды 
қажет етті.
Бүгінгі күні адамзат пен жекелей алғанда әрбір халықтың алдында 
тұрған мәселелердің күрделілігі мемлекеттік басқаруға қатысты өзге де 
тәсілдерді қолдануды талап етеді. Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, түрлі 
себептермен (нарықтың дамуы, демократиялық үдерістердің тереңдеуі 
және т.б) мемлекет рөлінің әлсіреуі дұрыс ұйымдастырылмауға, хаос, 
анархия, әлеуметтік қақтығыстар мен шиеленістерге әкеліп соғатыны 
белгілі. Бұны бірқатар елдердің қазіргі дағдарыс кезеңіндегі сәтсіз 
тәжірибесінен көруге болады. Жаңа талаптар мемлекетті өмірдің жаңаша 
талаптары мен жаңа өзгерістеріне бейімделуін қажет етеді. Дағдарыс 
жағдайларындағы мемлекеттің рөлі дағдарысқа қарсы шара қолданумен 
ғана шектелмейді, сонымен қатар, қаржы секторы мен экономикадағы 
дағдарыстық құбылыстарды ескере отырып, кешенді мемлекеттік саясат 
әзірлеуден көрінеді құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы 
заманауи шешімдер мен нақты іс-әрекеттерін қабылдауды көздейді. 
Қазіргі жағдайда кез келген мемлекет үшін ортақ мәселе – елдің ұзақ 
мерзімді даму мақсаттарына қол жеткізудің маңызды факторы ретінде 
мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру болып отыр. Әкімшілік 
реформалар жүргізу бойынша шетелдік тәжірибе көрсеткендей, 
мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру басқару әдістері мен нысандарын 
өзгерту, басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлу, сондай-ақ 
ұйымдық құрылымдарды жаңғырту және оларды жаңа міндеттермен 
сәйкестендіру арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің 
сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу, халықтың 
және жеке тұлғаның тарапынан билікке деген сенімін нығайту маңызды 
міндет болып табылады. Қазіргі заман талабына жауап беру үшін 
мемлекет болып жатқан өзгерістерді негізге ала отырып, әкімшілік 
жүйесін реформалауға, саясаттың басымдықтарын айқындауға мәжбүр.
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесін реформалау бірнеше 
кезеңдерден өтті, олардың әр қайсысының өз ерекшеліктері болды және 
олар сол кезеңде мемлекеттік шешуі тиіс міндеттермен айқындалады. 
Осылайша, тәуелсіздіктің бірінші онжылдығында мемлекетімізге елдің 
қоғамдық өмірінің барлық саласында болып жатқан өзгерістерді ескере 
отырып, мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін жедел құруына тура 
келді.


132
Бұл кезеңде ауқымы үлкен командалық-салалық басқару 
құрылымы айтарлықтай қысқартылып, оңтайландырылды және 
нарықтық экономиканың талаптары мен жаңа саяси процестерге 
бейімделген мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасты. Орталық басқару 
органдарын оңтайландыру негізінен әртүрлі мемлекеттік органдардың 
функцияларының қосарлануын болдырмауға, басқару буындарының 
санын азайтуға, сонымен қатар ведомствоаралық қарым-қатынас және 
жауапкершілік пен есеп берушілік мәселесін реттеуге мүмкіндік берді. 
Қазақстанның мемлекеттік басқаруын одан әрі жетілдірудің негізгі 
бағыттары «Қазақстан – 2030» Стратегиясында айқындалды. Дамудың 
осы кезеңінде стратегиялық міндетті табысты іске асыру негізі жоғары 
тиімді мемлекеттік басқару жүйесі болды. Бұл кезеңде мемлекеттік 
басқару жүйесінде бірқатар күрделі қайта құрулар жүргізілді. Осыған 
байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті 1999 жылғы 22 
қаңтардағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы», 1999 
жылғы 13 қазандағы «Мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру 
және олардың құзыреттерін нақтылау жөніндегі іс-шаралар туралы», 
2000 жылғы 13 желтоқсандағы «Жекелеген мемлекеттік органдарды 
қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы» Жарлықтарға қол қойды.
Қайта құру жұмыстарының жүргізілгеніне қарамастан, мемлекеттік 
органдардың қызметінде шешімін таппаған мынадай мәселелер болды:
– мемлекеттік аппарат үлкен күйінде қалды;
– мемлекеттік басқарудың горизонтальдық және вертикальдық 
деңгейлерінде функциялардың қайталануы сақталды;
– бюджетаралық қатынастар саласында өзгеріс енгізу талап етілді;
– жекелеген мемлекеттік органдардың жұмысы ашық болмай 
қалды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы мәселелерді 
шешу үшін басқару және бюджетаралық қарым-қатынастарды жетілдіру 
деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату бағдарламасы дайындалды. 
Бағдарламада Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін 
реформалауды жүргізу барысында негізге алынатын қағидаттар бекітілді. 
Оның ішінде ең негізгілері: мемлекеттік басқарудағы тікелей және жанама 
басқарудың ара жігін нақты ажырату; құрылымдардың қайталануын 
болдырмау; мемлекеттік басқару функцияларын тиімді жүзеге асыруды 
қамтамасыз ету; мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру; бюджеттік 
мәселелермен бірге өкілеттіктерді бөлу мәселелерін шешу; мемлекеттік 
органдардың бақылау функцияларын қысқарту және және т.б. болды. 
2004 жылдың 17 қыркүйегінде әкімшілік реформаны өткізу бойынша 
өткен кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан 
Назарбаев елімізде кең ауқымды әкімшілік реформаның басталғаны 
туралы жариялады. Ол мемлекеттің дамуының жаңа кезеңінде 
мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарын 
айқындап берді, атап айтқанда:
- орталық деңгейдегі мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру;
- мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін 
ажырату және жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын реформалау. 
Бұл мемлекеттік басқаруды орталықтандыруды, жергілікті билік 
органдарына жалпы мемлекеттік саясат шеңберінде жергілікті даму 


133
мәселелерін дербес шешуді ұсынуды, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін 
қалыптастыруды көздейді;
– мемлекеттік басқаруды қағазбастылықтан арылту. Шаруашылық 
субьектілерін тіркеу рәсімін жеңілдету, «бір терезе» тиімді қағидатын 
енгізу, электрондық үкіметті қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешені 
ұсынылды;
– мемлекеттік қызметті жетілдіру, ұлттық және шетелдік оқу орындары 
негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау, біліктілігін 
арттыру.
Мемлекеттік қызметті жетілдіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын 
алу. 2006 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті 
палаталарының бірлескен отырысында әкімшілік реформа жүргізуді одан 
әрі дамыту идеясы Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік 
басқаруды корпоративтік басқару, транспаренттік және қоғам алдында 
есептілік қағидаттары негізінде жаңғырту» туралы баяндамасында 
жалғасын тапты. Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметті жетілдіруге
мемлекеттік аппарат жұмысына ерекше назар аударды. Қазақстан 
Республикасының Президенті әкімшілік реформаның басым бағыттарын 
анықтады және Үкіметке мынадай шараларды жүзеге асыруды тапсырды:
– мемлекеттік органдардың құрылымы, басқару шешімдерін қабылдау 
кезінде мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру;
– мемлекеттік қызметшілердің еңбегінің нақты нәтижесі негізінде 
олардың жалақыларын арттыру;
– мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасына қол жеткізу;
– мемлекеттік органдар қызметінің рейтингін және бюджеттік 
процеске жаңа тәсілдерді енгізу;
– мемлекеттік аппараттың басқарушылығын, тұрақтылығы мен 
орнықтылығын арттыру;
– сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету;
– мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту.
2004 жылы бастау алған әкімшілік реформа Қазақстан 
Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы «Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі 
шаралар туралы» Жарлығында анықталған қағидаттар негізінде 
жүзеге асырылғанын атап өткен жөн. Бұл кезеңдердің жүйелілігі 
мен кезектілігі; болжамды шешімдердің жүйелілігі мен реформалау 
бойынша қойылған міндеттердің кешенділігі; транспаренттілік; 
қабылданатын шешімдер мен барлық қатыстырылатын мемлекеттік 
органдардың өзара іс-қимылының тиімділігіне тұрақты мониторинг.
Осы кезеңде әкімшілік реформа бойынша іс-шаралар кешені іске 
асырылуына қарамастан, мемлекеттік басқару жүйесінде мынандай 
шешілмеген мәселелер қалды: сыбайлас жемқорлықтың болуы
ашықтық және айқындықтың болмауы, мемлекеттік органдар қызметінде 
қайталанудың болуы және және т.б. Сәйкесінше, реформаларды іске 
асыру тиімділігі мемлекеттік органдар жұмысының сапасына байланысты 
болатындықтан, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту бойынша 
жұмыстарды жалғастыру міндеті тұрды. Мемлекеттік қызметке аса 
талантты мамандарды тарту үшін жағдай жасау, мемлекеттік қызметтің 
оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы 


134
төлеу жүйесін жетілдіру, түпкі нәтижеге бағдарланған, мемлекеттік 
менеджменттің оңтайлы әдістерін енгізу ерекше мәнге ие болды. Осы 
міндеттерді шешу сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуі тиіс болды. 
Осы кезеңде функционалдық талдау негізінде мемлекеттік басқару 
құрылымдарын оңтайландыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер 
сапасын арттыру, мемлекеттік органдардың қызметін рейтингтік 
бағалауды енгізу жұмыстары жалғасты. Жыл сайын мемлекеттік 
басқаруды реформалаудың жаңа басымдықтары анықталып отырды. Ол 
қоғамдық өмірдің кез келген саласында мемлекеттік саясаттың өзгеруіне, 
дамудың жаңа мақсаттары мен міндеттерінді ілгерілетуге байланысты 
болды. Қазақстан үшін дамудың жаңа кезеңінде шешілетін міндеттердің 
күрделілігі мемлекеттік басқаруға қатысты өзге тәсілдерді қолдануды 
талап етті. Сондықтан, жаңа стратегиялық бағыттың басты мақсаттарының 
бірі мемлекеттілікті нығайту және қазақстандық демократияны дамыту 
болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. 
Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «мемлекеттік 
басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен 
мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс» міндеті 
қойылды.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін негізгі міндеттер айқындалды, оларды 
табысты іске асыру көп жағдайда мемлекеттік басқарудың ұтымдылығы 
нәтижелілігіне, әрбір мемлекеттік орган мен мемлекеттік қызметшінің 
қызметіне байланысты. Бірінші кезектегі міндет, әкімшілік реформаның
алдыңғы кезеңдеріндегідей, мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру
кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру, жетілдірілген іріктеу рәсімдері 
мен кәсіби даярлықты енгізу арқылы штат, мемлекеттік қызметтің кадрлық 
құрамын жақсарту болды. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді тез әрі 
тиімді жүргізу, бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылдың жаңа жүйесін 
қалыптастыру үшін мемлекеттік аппаратқа қойылатын талаптар күшейе 
түсті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін реформалау 
жалпы алғанда мемлекеттік аппараттың тиімділігін қамтамасыз ету үшін 
жүргізілген, жүргізіліп жатқан және жүргізілетін болатын мемлекеттік 
басқару жүйесін реформалаумен тығыз байланысты.
Мемлекеттік қызмет саяси институт ретінде мемлекеттің маңызды 
негізі болып табылады. Мемлекеттік қызметсіз кез келген мемлекет бола 
алмайды. Сондықтан, қоғамның саяси институты ретінде пайда болысымен 
барлық мемлекеттер өз мемлекеттік қызметін қалыптастыруды бастайды. 
Қазақстан Республикасы да тәуелсіздігін алғаннан сәттен бастап өз 
мемлекеттік қызметін белсенді құра бастады. Мемлекет құрылысының 
бастапқы кезеңінде мемлекеттік қызметтің негізін бұрынғы партиялық-
кеңестік мемлекеттік аппарат атқарды. Әрине, тәуелсіздік жағдайында 
егемен мемлекеттің жаңа болмысына сәйкес бұл аппараттың түрі 
өзгертілді, сонымен қатар өзінің қазақстандық мемлекеттік қызметін 
құру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Мемлекет пен қоғам өмірінде мемлекеттік қызметтің қажеттілігі мен 
маңыздылығы аталған институтты конституцияландыруға негіз болды. 


135
1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 
33-бабы 4-тармағында, азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге 
тең құқығы бекітілген. Бұл тармақ, атап айтқанда, мемлекеттік қызмет 
қалыптастырудың маңыздылығын – аталған институттың ерекше қызметін 
сипаттайды. Осы нормаға сәйкес, мемлекеттiк қызметшi лауазымына 
кандидатқа қойылатын талаптар тек лауазымдық мiндеттердiң сипатына 
негізделген. Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың осы және басқа 
да мәселелері, талаптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы 
заңнамасында белгiленген. 
Осындай талаптардың бірі мемлекеттік қызметшілердің адал болуы. 
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының практикасы мен 
барлық мемлекеттік саясаты бүгінгі күні аталған талаптарды іске асыруға 
бағытталған, олай болмаған жағдайда адалдықтың болмауы нәтижесінде 
сыбайлас жемқорлық көбейіп, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төне бастайды.
Әрине, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің негізгі 
функцияларының бірі болып табылады, 1999 жылдың 23 шілдесінен 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің құрылуының саяси-
айқындаушы кезеңінен бастап жүзеге асырылды, оның құқықтық базасы 
және жеке уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
қызмет істері агенттігі құрылды.
Мемлекеттік қызметтің қазақстандық жеке моделін құру бойынша 
белсенді жұмыс атқарылумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
іс-қимыл тетіктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар да жүргізілді. 
Жұмыстың жүйелік сипатын қамтамасыз ету үшін, бірқатар нормативтік-
құқықтық 
және 
ұйымдастырушылық-практикалық 
іс-шаралар 
қабылданды, атап айтқанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін 
жетілдіру және оның алдын алуға бағытталған, Қазақстан Республикасы 
Президентінің мынадай бірнеше Жарлықтары шықты:
- 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 «Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»; 
- 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 «Қазақстан Республикасы Президентінің 
жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі 
комиссия құру туралы»;
- 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар 
қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы» 
және басқалар.
Осы және өзге де нормативтік құқықтық актілерге негізделген 
шаралар сол уақытта кең ауқымды сипатқа ие болған (өкінішке орай, 
осы күнге дейін жойылмаса) сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге 
бағытталды.
Сондықтан, жоғарыда атап өткен нормативтік құқықтық акті бойынша 
құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия Елбасының 
жанындағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті және мемлекеттік 
қызметшілердің қызметтік этика қағидаларын бұзуына қарсы күресті 
күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін 
арттыруға бағытталған, консультативтік-кеңестік орган болып табылады. 


136
Бұл консультативтік-кеңестік орган сыбайлас жемқорлық құқық 
бұзушылық фактілері бойынша уәкiлеттi адамдарға тәртіптік жаза 
қолдану, қызметтік тергеу жүргізу тралы ұсынымдар дайындауға құқығы 
бар.
Жергілікті деңгейде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органы 
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 
тәртіптік кеңестері болып табылады, ол Қазақстан Республикасы 
Президентінің жоғарыда аталған Жарлығына сәйкес, 2005 жылы 
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар қызметіндегі тәртіп пен 
реттілікті нығайту үшін құрылды. Бұл органдар өз қызметтін жүзеге асыру 
кезінде жариялылық, жүйелілік және өз қызметінің профилактикалық 
бағыттылық қағидаттарын, жұртшылық өкілдерін және бұқаралық 
ақпарат құралдарын жұмыс отырыстарын дайындауға және өткізуге 
кеңінен тартуды басшылыққа алады.
Бұдан әрі мемлекеттік қызметті реформалау мәселесі Қазақстан 
Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан 
Республикасының Парламенті палаталарының пленарлық отырысында
«Мемлекеттік басқаруды корпоративтік басқару, транспаренттілік және 
қоғам алдындағы есептілік қағидаттары негізінде жаңғырту» туралы 
бағдарламалық баяндамасында белгіленді.
Баяндамада айтылған әкімшілік реформаның басым бағыттарының 
бірі ретінде сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту және мемлекеттік 
қызметтің оң имиджін қалыптастыр және нығайту секілді бағыттар 
ерекше атап көрсетілді. 
Мемлекеттік басқару жүйесінде ауқымды өзгерістер, меритократия, 
адалдық және тиімділік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметтің 
жаңа моделін қалыптастыру міндетін жүзеге асыру басталды. Бұл 
қағидаттарды 2008 жылдың 17 маусымында Қазақстан Республикасының 
Президенті 
халықаралық 
ғылыми-практикалық 
конференцияда 
жариялады. 
2011 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің
№ 119 Жарлығымен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа 
моделінің тұжырымдамасы бекітілді. Бұл тұжырымдаманы толық жүзеге 
асыру үшін 2012 жылы желтоқсанда «Мемлекеттік қызмет туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер мен толықтырулар 
енгізілді, ол 2013 жылғы 26 наурыздан бастап күшіне енді. 
Реформалау шеңберінде құрылған мемлекеттік қызметтің жаңа моделі 
мемлекеттік қызметті ұйымдастыруға қатысты жаңа тәсілдерді талап етті. 
Осыған байланысты мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға 
тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мемлекеттік қызметтің жаңа 
институттары құрылды және мемлекеттік қызметке дарынды жастарды 
тарту үшін жаңа тетіктер енгізілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет 
тиімділігін қамтамасыз ететін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы компонент 
күшейтілді. 
Сонымен бірге жаңа моделді қалыптастыру бойынша практикалық 
шаралар Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы наурыздағы 
жарлықтарында регламенттелді. Осылайша, 2013 жылдың наурызында 
мемлекеттік қызметті реформалаудың күшті саяси және құқықтық базасы 
құрылған болатын. 


137
2014 жылдың тамыз айында атқарушы органдарды оңтайландыру 
шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері 
агенттігі мен Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа 
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) 
бірігуі арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері 
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды.
Жаңа Агенттіктің практикалық қызметі сыбайлас жемқорлықтың 
алдын алуға бағытталды. Мемлекеттік органның жаңа міндеттері 2014 
жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің № 
986 Жарлығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда 
белгіленді. 
Қазақстан Республикасының қабылдаған қадамдары әр мемлекеттің 
алдына мемлекеттілікті нығайту міндетін қойған жаһандық тегеурінді 
талаптары мен қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне сәйкес болды. Осыған 
байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 
2015 жылы 11 наурызда «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде, жалпы 
мемлекетті жаңғырту жөніндегі бес институттық реформаны ұсынды. Осы 
негізде, ол «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 
100 нақты қадам» Ұлт жоспары (бұдан әрi – Жоспар) әзірленді.
Мемлекет басшысының бірінші институционалдық реформасы кәсіби 
мемлекеттік аппарат құруға бағытталған. 
Ол жоғарыда аталған реформаны жүзеге асыру үшін 15 нақты 
қадамды қамтиды: мемлекеттік қызметте кіру рәсімдерін жаңғырту, 
төменгі лауазымдарға кандидаттарды іріктеу және оларды құзыреттілік 
тәсіл негізінде одан әрі ілгерілетуді жүзеге асыру, мемлекеттік қызметке 
алғаш кіргендер үшін міндетті сынақ мерзімін енгізу. 
Сондай-ақ, Жоспарда еңбек нәтижелері бойынша мемлекеттік 
қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу, лауазымдық 
жалақыға өңірлік түзету коэффициенттерін енгізу көзделген. 
Мемлекеттік 
қызметті 
жаңғырту 
шеңберінде 
мемлекеттік 
қызметшілердің мансаптық өсуі үшін конкурстық іріктеуге көшу, 
меритократия қағидатын күшейту, тұрақты оқыту жүйесін құру, сондай-
ақ жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілерді кешендік аттестаттау 
жүргізу жұмыстарына ерекше назар аударылатын болады. 
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделін институттандыру және 
мемлекеттік аппарат қалыптастыру бойынша барлық теориялық 
тәсілдер мен негіздер, сондай-ақ практикалық шаралар аталған Жоспар 
шеңберінде қабылдау көзделген, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңда 
бекітіледі.
Жоспар қазақстандық қоғамда оң қабылданды. Тек бірлескен іс-
шаралар векторы және қоғам мен мемлекеттің өзара түсіністігі сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес алаңын жасай алады. Сыбайлас 
жемқорлықтың алдын алу үшін мақсаттар мен іс-шаралар кешенді 
болуы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жартылай шараларды, 
таңдамалы немесе азаматтардың жекелеген санаттарына төзбейді. Тек 
заң алдында азаматтардың теңдігінің конституциялық қағидаты толық 
іске асырылса, мемлекеттің мақсаттарына деген сенім арта түседі. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметінің 


138
тиімділігін арттырудың маңызды бағыты болып табылады. Бұған 
мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, монополия 
субъектілерінің қызметінің ашықтығын, айқындығын, қоғам алдындағы 
есептілігін арттыру, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының 
өкілеттіктерін кеңейту септігін тигізуі тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шараларын іске асыру 
аясында мына заңдар қабылданды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл туралы, мемлекеттік бақылау және аудит туралы, мемлекеттік 
сатып алу туралы, қоғамдық кеңестер туралы, ақпаратқа қол жетімділік 
туралы және т.б. Енгізілген жаңашылдыққа сәйкес, 2017 жылдан бастап 
Қазақстан Республикасының барлық азаматтары өз табысын ғана емес, 
сонымен қатар шығындарын да жариялаулары керек. 
Осылайша, Қазақстанда халықаралық тәжірибе мен ел дамуының 
ұлттық ерекшеліктерінің негізінде мемлекеттік басқару және мемлекеттік 
қызмет саласында реформалар жүргізуде өз тәжірибесін жинақтады 
деп қорытынды жасауға болады. Орталық және жергілікті мемлекеттік 
басқару органдары жүйесінде функционалдық және құрылымдық 
өзгерістер өтті, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі құрылды. Қоғамдық 
өмірдің әр түрлі бағыттары мен салаларында қойылған мақсатқа сәйкес, 
реформа кезеңді түрде жүзеге асты. Бұрын қойылған көптеген міндеттер 
орындалды немесе орындалуға жақын қалды десе де болады, олардың 
кейбіреулері мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті жаңғыртуға 
бағытталған әкімшілік реформаның жаңа кезеңінде өзекті болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет