Дениет негіздері


Айыппұл мөлшері бас бостандығынан айыруға балама ретінде



Pdf көрінісі
бет80/94
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#81409
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   94
Байланысты:
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ

Айыппұл мөлшері бас бостандығынан айыруға балама ретінде
Параның айтарлықтай мөлшері ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігіне сәйкес, 
елуден үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасын құрайды, 
бұл параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не 
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды 
көздейді. (ҚР ҚК 1997 жылғы редакциясында айтарлықтай мөлшер 
қарастырылмаған).
Аталған баптың 3-бөлігінде параның ірі мөлшері үш мыңнан он мың
айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасын құрайды, бұл параның 
жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не жеті жылдан 
он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігіне сәйкес, аса ірі пара он мың айлық 
есептік көрсеткіштен жоғары ақша сомасын құрайды, бұл параның 
сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не он жылдан он 
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Айыппұл мөлшері тек сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша ғана 
емес, жалпы бүкіл Кодекс бойынша ұлғайды, соған қарай жаза түрлері де 
өзгерді.
ҚР ҚК 366-бабының 1-бөлігінде орташа ауырлықтағы қылмысқа 
жататын пара алғаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды 
атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына 
айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл 
салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға 
жазаланады. Дәл осы іс-әрекет бойынша ҚР ҚК 2014 жылғы 31 желтоқсанға 
дейін қолданыста болған 1997 жылғы редакциясында, жетi жүзден екi 
мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не бес 


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
125
жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не бес жылға дейiнгi 
мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен 
айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз нақ сол 
мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген. Қолданыстағы кодексте 
бас бостандығын шектеу жазалау шарасы ретінде көрсетілмеген, мүлікті 
тәркілеу және белгілі бір лауазымдарға орналасуға өмір бойы тыйым 
салу міндетті сипатқа ие. 
Алдыңғы 1997 жылғы ҚР ҚК-де айыппұл тек 311-баптың 1-бөлігінде 
көрсетілсе, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы ҚР ҚК-де 
айыппұл 366-баптың барлық бөліктерінде қарастырылған. Сонымен,
ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігі бойынша аса ауыр қылмысқа жататын қылмыс 
үшін, яғни қылмыстық топ құрамында немесе аса ірі мөлшерде жасалса 
пара алғаны үшін параның сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл 
салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан 
айыруға жазаланады. 2015 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу 
агенттігінің бұрынғы басшысына қатысты, ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігі 
бойынша айыппұл түрінде жаза бас бостандығынан айырудың баламасы 
ретінде қолданылды және 1 миллиард 100 миллион теңгеден аса соманы 
құрады. 
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды және оларға ұқсас қылмыстарды 
шектеу
Белгілі бір қылмыстың басқа да қылмыстармен ортақ белгілері 
әрқашан болады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды дұрыс ажырату, 
оларды өзге де ұқсас қылмыстардан ажырата білу, іс-әрекетті саралау, 
тиісінше, жазалау шарасы мен оның мөлшерін таңдау үшін маңызды 
болып табылады.
Пара алу (ҚР ҚК 366-бабы) және лауазымдық өкілеттіктерді теріс 
пайдалану (ҚР ҚК 361-бабы), көбіне сәйкес келеді: 1) сол бір объектіге 
байланысты; 2) тек тікелей ниетпен жасалады; 3) оларда бірыңғай субъект – 
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға, оған теңестірілген, 
немесе лауазымды адам. Бірақ, сонымен қатар осы құрамдарының елеулі 
айырмашылықтары да бар: 1) теріс пайдалану құрамы материалдық 
(салдары қажет), ал пара алу құрамы формальды (алған сәттен бастап, 
пара берушінің пайдасына қатысты оның іс-әрекетіне немесе салдарына 
қарамастан); 2) лауазымды теріс пайдалану тек өз құзыреті шегінде (өз 
құқықтары мен міндеттері шеңберінде), парада заңсыз іс-әрекеттер 
(әрекетсіздік) немесе ықпал ету болуы мүмкін.
Пара алу (ҚР ҚК 366-бабы) параға коммерциялық сатып алудан 
(ҚР ҚК 253-бабы) ерекшеленеді. Субъектісі – ҚР ҚК-нің 253-бабында 
коммерциялық немесе өзге де ұйымның басқару функцияларын 
орындайтын адам, ал ҚР ҚК 366-бабында – мемлекеттік функцияларды 
орындауға уәкілетті, оған теңестірілген немесе лауазымды адам.
Объектісі – ҚР ҚК-нің 253-бабында мемлекеттік немесе жергілікті 
өзін-өзі басқару органы болып табылмайтын коммерциялық немесе 
өзге де ұйымның қызметі. Олардың пәндері сәйкес келеді – бұлар ақша, 
материалдық құндылықтар. Объективті жағынан айырмашылығы бар, 
атап айтқанда коммерциялық сатып алу кезінде сатып алу процесі іс-
әрекетті жасағанға дейін жүргізіледі, ал пара алу кезінде жасағанға дейін 


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
126
(параға сатып алу) және одан кейін (сыйақы) болуы мүмкін.
Коммерциялық сатып алуда делдалдық жоқ.
Сондай-ақ, пара алуды (ҚР ҚК-нің 366-бабы) заңсыз сыйақы алудан 
(247-бабы) ажырату қажет. Заңсыз сыйақы алу кезіндегі субъект – бұл 
мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті, оған теңестірілген немесе 
лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік ұйымның қызметшісі.
Пара алуды (ҚР ҚК 366-бабы) және алаяқтықтан (ҚР ҚК 190-бабы) 
ажырату ерекшеліктері, пара алу кезінде құрамының объектісі – 
мемлекеттік қызмет және басқару мүдделерінен, ал алаяқтық кезінде – 
меншіктен тұрады, және алаяқтықтың объективті жағы алдау және сенімді 
теріс пайдалану жолымен мүлікке ие болу болып табылады. Алаяқтық 
бойынша құрамның субъектісі – 16 жастан бастап кез келген тұлға, ал 
пара алу кезінде –мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті, оған 
теңестірілген, немесе лауазымды тұлға.
Пара алу немесе беру кезінде делдал мен сыбайластың айырмашылығы 
мынада, делдал екі тараппен, ал сыбайласы тек қана біреуімен жұмыс 
істейді.
Маңыздылығы аз болғаны үшін жауапкершіліктен босату шарттары 
Маңызы аз болуына байланысты пара деп саналмауы үшін бір 
мезгілде мынадай шарттар болуы тиіс: 1) сыйлықтың, қызметтің құны 
екi айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиіс; 2) сыйлықты, қызметті және 
және т.б. бiрiншi рет алуы; 3) сыйлық, қызмет, және және т.б. ретіндегі 
пайданы тараптар арасындағы алдын ала уағдаластық болмаған кезде 
алу; 4) мүдделі тұлғаның пайдасына бұрын жасалған заңды әрекеттерi 
(әрекетсiздігі) үшiн сыйлық, қызмет және және т.б. алу. Осылардың 
ең болмағанда біреуі жоқ болса, тұлға қылмыстық жауапкершілікке 
тартылуға тиіс.
Параның қауіптілігі оның сомасында емес (шағын немесе үлкен), оны 
алу фактісінде. ГФР, Швейцария, Испания және басқа да көптеген Еуропа 
елдерінде оның маңыздылығының аздығы бойынша бөлінбейді, онда 
пара-параға сатып алу (алдын ала келісілген) және алдын ала уағдаласпай 
заңды әрекеті (әрекетсіздігі) үшін пара-алғыс (сыйлық) болып бөлінеді. 
Тиісінше, пара-алғыс үшін жаза пара-параға сатып алуға қарағанда төмен 
болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қылмыстық-құқықтық 
шаралары бойынша шетелдік тәжірибе, бағыт-бағдары және 
перспективалары 
Қолданыстағы қылмыстық заңнамадағы кез келген өзгерістер 
мен толықтырулар әлеуметтік-экономикалық, криминологиялық 
факторларға, қолданыстағы заңнаманы қолдану тәжірибесіне 
байланысты болады. Мысалы, Корея Республикасының ҚК 129-бабында 
пара алғаны және пара алуға уәде еткені үшін, ал 130-бапта – пара 
бергені және пара беруге уәде еткені үшін жауапкершілік қарастырылған. 
Француз Республикасы ҚК-нің 433-1 және 433-2-баптарында пара алуға 
уәде еткені және пара бергені үшін жауапкершілік көзделген, ал қылмыс 
мәні ретінде мемлекеттік наградаларды, лауазымдарды, мердігерлікті 
алу немесе табыстау қарастырылған. Швецияның ҚК 20-тарауының 
2-бабында қызметшінің пара қабылдауға уәде еткені үшін жауапкершілік 


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
127
көзделген. АҚШ-та жария қызметшілерге арналған сыбайлас жемқорлық 
субъектілері және коммерциялық парақорлық субъектілері деп бөлу 
қарастырылған, соңғысына адвокаттар, дәрігерлер, бухгалтерлер, 
коммерциялық бірлестіктер директорлары жатады. Америкалық 
заңнамаға сәйкес, партиялық лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлық 
қылмыс жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілермен қатар жауап 
береді, өйткені қоғамдық қызығушылықтың бұл саласы мемлекеттік 
мүдделермен тығыз байланысты. 
Қазақстанның сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік туралы 
халықаралық конвенцияларды ратификациялауы қылмыстық заңнамаға 
елеулі толықтырулар енгізуді және жеке өзі немесе делдал арқылы параға 
уәде еткені және ұсынғаны үшін жауапкершілікті белгілеуді, сыбайлас 
жемқорлық үшін аса ұзақ ескіру мерзімін белгілеуді, сыбайлас жемқорлық 
презумпциясы институтын енгізуді талап етеді, бұл ретте, кінәсіздігін 
дәлелдеу ауыртпалығы күдіктінің өзіне жүктеледі, жеке сектордағы және 
басқа да сыбайлас жемқорлықты реттейтін нормалар көрінісін білдіреді. 
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған 
адамдарды көтермелеу 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 1131 қаулысымен, 
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған 
немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен 
жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілді. 
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған 
немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен 
жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге 
асырылатын көтермелеу белгіленеді, оның мөлшерлері: 1) сыбайлас 
жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша –
30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК); 2) онша ауыр емес сыбайлас 
жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;
3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық 
істер бойынша – 50 АЕК; 4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы 
қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК; 5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық 
қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК. 
Грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер 
белгіленуі мүмкін. Көтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет 
қаражаты есебінен жүргізіледі. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы 
хабарлауды;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі 
адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, 
ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді 
қамтиды.
Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және 
айыпты адамға қатысты: 1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы 
заңды күшіне енген; 2) айыптау үкімі заңды күшіне енген; 3) ақталмайтын 


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
128
негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда 
ғана жүзеге асырылады.
Адамды көтермелеу туралы материалдар көтермелеуге құқығы пайда 
болған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде қалыптастырылады және 
уәкілетті органдарға жіберіледі, көтермелеу туралы бұйрық шыққан 
күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде төлем жүргізіледі. 
Уәкілетті орган адам ақшалай сыйақыдан бас тартқан жағдайда
грамотамен марапаттау немесе оған алғыс жариялау туралы мәселені 
қарастыруы мүмкін. 
Жалған ақпаратты хабарлаған адам Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес белгіленген тәртіппен жауап береді.
Ынтымақтастық туралы процестік келісім сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күрес құралы ретінде
Қазақстандық қылмыстық процеске 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 
жаңа норма енгізілді – ол тергеу органымен белсенді ынтымақтастықта 
болған жағдайда жасалған іс-әрекет үшін жазаны төмендету туралы 
келісімге қол жеткізуге бағытталған ынтымақтастық туралы келісім 
немесе кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім [12] 
деп аталады.
Ынтымақтастық туралы келісім кезінде тұлға кінәсін мойындамауға 
құқылы, бірақ ынтымақтастыққа келісімді, яғни қылмыстың аса ауыр 
және сараланған түрлерін ашу және тергеуге ықпал етуді, сондай-ақ 
жазаны жеңілдетуге «алмастыруды» білдіреді.
Ынтымақтастық туралы процестік келісім қылмыстық топ жасаған 
қылмыстардың барлық санаттары бойынша, өзге де тұлғалар жасаған
аса ауыр қылмыстар, оның ішінде ҚР ҚПК 618–621-баптарының, 
612-бабының «Процестік келісім жасалған кезде сотқа дейінгі тергеп-
тексеру» талаптарын сақтай отырып, сыбайлас жемқорлық, экстремистік 
және террористік қылмыстар бойынша жасалады. 
Келісімнің мәні жоғарыда аталған қылмыстарды ашуда қылмыстық 
қудалау органдарына адамның жәрдемдесуі болып табылады.
Ынтымақтастың туралы процестік келісімге қол қойған прокурор 
жасалған келісімнің мәні болып табылатын қылмысты ашуды 
ұйымдастыруға және кінәлі тұлғаларды әшкерелеуге қатысты шаралар 
қабылдайды, ҚР ҚПК 153-бабында «Бұлтартпау шарасының күшін жою 
немесе оны өзгерту» белгіленген тәртіппен жәрдемдескен тұлғаны 
бұлтартпау шарасының күшін жою не өзгерту мәселесін қарайды. 
Егер осындай келісімнің нәтижесінде қылмыстық топ құрамында аса 
ауыр қылмыстар, қылмыстар, сондай-ақ экстремистік және террористік 
қылмыстар жасаған кінәлі адамдар әшкереленсе, және кінәлі адамдарға 
қатысты айыптау үкімі шығарылса, онда прокурор ынтымақтастық 
туралы процестік келісімнің шарттарын орындау бойынша шаралар 
қабылдайды. Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан және оның 
шарттарын орындаған, сотталған тұлғаға қатысты прокурор сотқа 
жүгінеді
Кінәні мойындау туралы келісім адам кінәсін мойындап, жиналған 
дәлелдемелерді жәбірленушінің келісімімен жазаны жеңілдетуге 
«алмастыруды» дауламаса қолданылады. Онда адамның процестік 


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
129
келісім жасасқаннан кейін жасауға міндеттенетін іс-әрекеттері көрсетіледі 
(зиянның орнын толтыру және т. б.).
ҚР ҚПК 615-бабының 1-бөлігіне сәйкес, кiнәнi мойындау туралы 
процестiк келiсiм жасасу туралы өтiнiш қылмыстық iс бойынша сотқа 
дейінгі iс жүргiзудiң кез келген сатысында жасалады. Процестік келісім 
прокурордың бастамасы бойынша да жасалуы мүмкін. Егер бастама 
күдіктіден болса, ол процестік келісім жасасу туралы өтінішхатпен 
жүгінеді, егер бұл мәселені прокурор көтеретін болса, онда күдікті өзінің 
келісетінін немесе келіспейтінін білдіруге құқылы. 
Соттың үкіміне дейін мүлікті тәркілеу 
Заңсыз жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізуді қозғау 
ҚР ҚПК 71-тарауында белгіленген тәртіппен, сотқа дейінгі сатыда, 
сот үкімі шығарылғанға дейін, болжамды кінәлі тұлғаға халықаралық 
іздестіру жарияланған жағдайларда немесе оған қатысты қылмыстық 
қудалау тоқтатылған жағдайда жүргізіледі, ол үшін 35-бабы 1-бөлігінің 
3) тармақшасы – рақымшылық, 4) тармақшасы – ескіру мерзімі,
11) тармақшасы – қайтыс болған адамға қатысты заңсыз жолмен табылған 
мүлікті белгілеу кезінде – негізге алынады.
Мүлікті тәркілеудің мұндай нысаны кезінде ҚР ҚПК 113-бабының
1 және 3-бөлігінде көзделген мән-жайлардан басқа, дәлелдеуге мыналар 
жатады: 1) мүліктің күдіктіге, айыпталушыға немесе үшінші тұлғаға 
тиесілігі; 2) мүліктің тәркілеуді қолдану үшін негіз болып табылатын 
қылмыспен байланысты болуы; 3) мүлікті үшінші тұлғаның иемдену мән-
жайлары немесе мүлік құқық бұзушылықтар нәтижесінде сатып алынды 
деуге негіз болатын мән-жайлар. 
Тәркілеу туралы қорытындыны сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге 
асыратын адам жасайды және прокурорға жібереді, ол оны 10 тәулік 
ішінде қарайды. Одан әрі прокурор тәркілеу туралы өтінішхатпен 
сотқа жүгінеді, мұндай негіздер болмаған кезде қорытынды мен 
материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуші адамға қайтарады 
және қосымша дәлелдемелер жинау немесе тәркілеу туралы іс жүргізуді 
тоқтату қажеттігін көрсетеді. Кез келген жағдайда тәркілеуді қолдану 
туралы мәселені үкім шығарылғанға дейін ҚР ҚПК 669–671 баптарына 
сәйкес сот шешеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет