Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


ЕГЕР МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ НЕМЕСЕ АТА-АНА-



Pdf көрінісі
бет12/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

ЕГЕР МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ НЕМЕСЕ АТА-АНА-
СЫ БАЛАДАН ОСЫ БЕЛГІЛЕРДІ БАЙҚАМАСА, ОНДА 
БҰДАН ДА ТИЯНАҚТЫ, ӘРІ МҰҚИЯТ БАҚЫЛАУ МЕН 
ТЕКСЕРУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНҒАН ЖӨН. 
6
БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА
ДЕЙІНГІ ДАМУЫ
1


Кейінірек, жылау тек физикалық емес, сондай-ақ, бала-
ның жан қиналысын да білдіре бастайды.
Күлімсіреу сияқты ұнамды сезімдер балада айғайдан 
кешірек пайда болады. Авторлардың көпшілігі бала-
лардың күлімсірей бастауы 4-6 аптада басталады деп 
санайды. Біздің байқауымызша, сәби өмірінің алғашқы 
аптасында, ал кейде, алғашқы күні-ақ күлімсірей 
бастайды. Бірақ бұл жастағы күлімсіреу айналасын-
дағы ересектермен қарым-қатынас белгісі емес, тек 
физикалық тұрғыдан толығымен жайлы сезіну 
күйін білдіреді.
Алғашқы, «әлеуметтік» күлімсіреу 
(яғни, қарым-қатынасқа бағытталған) 
бала өмірінің 1-1,5 айына қарай 
пайда болады. 4-6 айлығында 
бөбек анасының жұмсақ дауыс 
ырғағына, жүзін жақындатқанына 
күлімсіреп жауап береді.
2,5-3 айлығында бала, әдетте, да-
уысты дыбыстарды және көмей-
лік дыбыстарды әуендетіп айтып, 
гу-гулей бастайды.
3 айлығында бала өз дауысын басқа адамдармен 
қарым-қатынасқа түсу үшін қолданады: ол «ау-ау» деп 
дыбыстайды, сосын біраз үнсіз қалады, ересекке қарап, 
жауап күтеді, ересек адам жауап қайтарғанда ол сол 
ересек сөйлеп біткенше күтеді де, қайтадан «ау-ау» 
деп бастайды. Қалыпты дамып келе жатқан бала «тірі 
емес» заттармен осылай «сөйлесуге» тырыспайды, 
олардың тарапынан дыбыс немесе өзге жауап күтпей-
ді. 
3 айлығында баланың өзі үшін маңызды ересек 
адамға қатысты ерекше эмоционалдық-қимылдық 
әрекеті пайда болады – «жандану кешені». «Жандану 
кешеніне» ересек адамның бет-жүзіне көз тоқтату, 
күлімсіреу, қимыл-қозғалыс белсенділігінің артуы 
(бала аяқ-қолдарымен қарқынды сермей бастайды) 
кіреді, бала жиі-жиі гу-гулей бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет