Тек 1,5 айлығында сәби басын ұстауды үйрене
бастай-
ды. 1-3 айында бала шалқасынан жатқанда басын орта
сызықта ұстай алады, қолдарын денесінің
орта тұсына
әкеліп қоя алады және аузына апара алады.
3 АЙДАН 6 АЙҒА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ҚИ-
МЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСТЫҚ ДАМУЫ
Баланың алғашқы мақсатты қимыл-қозғалыстары,
шалқасынан
етбетіне аударылу, етбетінен шалқалап
жату сияқты денесін кеңістікте қозғалту қимылдары
пайда бола бастайды. Оған қоса, бала басын, денесін
және аяқ-қолын кеңістікте
жақсырақ басқара алады,
денесі қабылдаған қалыпты ұзағырақ ұстап тұра алады,
сондай-ақ, заттарды және ойыншықтарды еркінірек
басқара алатын болады. Әдетте, бала
алдымен шалқа-
сынан етбетіне аударылуды үйренеді, 4-6 айлығында
орын алады. Кейбір балалар 6 айлығында етбетінен
шалқасына
аударылуды біледі, бірақ
балалардың көпшілігі бұл қимылды
тек 7 айдан асқанда жасай бастай-
ды.
Н
әрестелік шақ (туылған күннен бастап 1 жасқа дейін)
– баланың жоғары қарқынды дамуымен
және баланың
қалыптасуында айрықша маңызға ие болуымен сипатта-
латын кезең.
Бұл кезеңде орталық жүйке жүйесі «бұрын-соңды бол-
маған» серпіліс жасайды – жеті айға толғанда ми салмағы
екі
еселенеді, ал бір жарым жасқа толғанда үш еселенеді.
Кейін мұның бірі де қайталанбайды. Өмірінің алғашқы
жылы бала белгілі жас кезеңдеріне тән ең маңызды деген
дағдыларды және қабілеттерді үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: