6-7 айлығында бала ойыншық ұстап тұрған қолын айналдыра
алады.
7-8 айлығында, егер бала бір мезетте екі затты ұстаса, онда
оларға кезек-кезек қарайды, бір-біріне ұрғылайды. Бұл жаста
саусақпен қармау пайда болады (зат енді алақанда жатпайды).
Ірірек заттарды және ойыншықтарды бала қос қолдап қармап,
ұстайды.
8-9 айлығында көптеген балаларда «қысқыштық» қармау пайда
болады (ұсақ заттарды екі саусақтап – бас бармақпен және
сұқ саусақпен ұстау), бұл қармау түрі кейінірек – 11-12 айда да
пайда болуы мүмкін.
8-9 айлығында балалардың көпшілігінде жанында тұрған бар-
лық заттарды және ойыншықтарды ұстау және еденге лақтыру
түріндегі ойын пайда болады. Алдымен бала заттардың қайда
құлайтынына мән бермейді, бірақ, уақыт өте келе, бұл ойын
түрлене түседі: бала затты алады, оны қарап шығады, оны
үстелге, төсекке ұрғылайды, лақтырады, қайда
құлағанын қарайды, содан соң, айғайлап,
анасының сол құлаған затты алып, өзіне
беруін талап етеді.
14
Достарыңызбен бөлісу: |