Алғашқы айдың аяғында өтпелі кезең байқалады, бала алақаны
ұзағырақ уақытқа ашық қалады.
Үшінші айдың аяғында бала жартылай жабық алақанын алдын-
да тұрған затқа қарай қозғалта алады, қос қолын да зат тұрған
бағытта соза алады, бірақ барлық қимылдары орта сызық
бойымен үйлестірілген.
4 айлық баланың алақаны көбіне ашық болады. Ол қолдарын
бетіне тақап, оларға қозғалыстағы заттар ретінде қарай алады.
Қолдарын орта сызыққа келтіру қос қолдың бір-бірімен
өзара жанасуымен ерекшеленеді. Жартылай ашық алақандар
бір-біріне оңай салынады. Бала ойыншықты қолында ұстай
алады, аузына апара алады, ернімен және тілімен зерттей
алады. Әлдебір затқа бағытталған жұлқи жасалатын қимылдар
көбінесе қос қолдап жасалады. Бұл – көру-қозғалыс үйлестігін
дамытудың алғашқы сатысы.
Қолдың қармау рефлексі 6 ай толғаннан кейін басылады неме-
се саусақтарды қысқа уақытқа бүгу түрінде көрініс береді.
6 айлығында бала ойыншықтарды қос қолдап ұстай алады,
ойыншықты бір қолынан екіншісіне сала алады, алыстағы затқа
қарай созылады, ұсақ заттарды (қиқымдарды) барлық
саусақта-
рымен қармауға тырысады. Балақай заттарды қолында алақа-
нымен ұстап тұрады, саусақтарын заттың айналасына бүгеді,
бас бармағы басқа саусақтарға қарсы қойылады.