Зейіннің түрлері және ерекшеліктері
Тексерген: Сейітнұр Ж.С. Орындаған: Шаяхметова А. Слайд 2 с информацией о кадрах
Зейін - сананың белгілі бір затқа, құбылысқа немесе әрекетке бағытталуы және шоғырлануы.
Зейін дербес психикалық процесс емес, өйткені ол басқа процестерсіз көріне алмайды. Біз зейін қойып немесе зейін аудармай қабылдаймыз, ойлаймыз немесе бір нәрсені істейміз. Осылайша, зейін әртүрлі психикалық процестердің тек бір жағы немесе қасиеті ғана болып табылады.
Тахистоскоп - қысқа уақытта көру стимулдарын көрсете алатын аспап. Тахистоскоптың механикалық түрін неміс психологі В.Вундт (1832- 1920) жасады. Тахистоскоптың электронды түрі де бар. Проекциялы тахистоскоп арнайы диапроекторлармен жұмыс жасайды, оның каналдары ақпараттарды береді. Ес, қабылдау процестерін зерттеуде қолданылады.
Слайд 4 с информацией о кадрах
Зейін қасиеттері
Тұрақтылығы мен жинақтылығы – зейіннің бір жұмысқа тұрақтауы (хирург, дәрігер жұмысы).
Аударылуы – бір объектіден екінші объектіге назарымызды көшіру (баланы бір пәннен екніші пәнге).
Бөлінушілігі – бір мезгілде бірнеше нәрсені атқара білу мүмкіншілігі (бала есеп шығара отырып, тақтадағы есепті бақылайды, сөзін тыңдайды).
Көлемі – бір уақыт ішінде оның қамтитын объектілерінің санын айтады.
Алаң болушылық – бір объектіге саналы түрде зейінді аудара алмаушылық.
Слайд 3 с информацией о кадрах
Адам ойлау кезінде бір іс-әрекетпен шұғылданумен (бір нәрсе істейді немесе бір нәрсені ойлайды) байланысты оның зейіні сол нәрсеге ауады. Мысалы, егер оқушының зейіні сабақтың мазмұнына аударылмаса, демек, оның зейіні басқа нәрсеге ауып отыр.
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады.
Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.
Слайд 5 с информацией о кадрах
ЗЕЙІН ФУНКЦИЯЛАРЫ:
Қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді;
Ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді;
Белсенділіктің бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді.
Слайд 6 с информацией о кадрах
Ырықты
Үйреншікті
Ырықсыз
ЗЕЙІН ТҮРЛЕРІ:
Слайд 8 с информацией о кадрах
Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Кейбір зерттеулерде ол пассивті зейін, енді бір құралдарда эмоциялық зейін деп аталады. Пассивті зейін нәрсеге бағытталған сананы шоғырландыру үшін ерік күшінің қажет емес екенін білдіреді. Ал ырықсыз зейінді эмоциялық деп атау зейіннің объектісі және соған қатысты көңіл-күй мен эмоциялар, қызығулар мақсат мүдде арасындағы ара қатынастың мәнісін білдіреді. Сонымен, ырықсыз зейін деп сананы белгілі бір объектіге бағытталып, соған шоғырлануын айтамыз.
Ырықты зейін ерікті немесе активті зейін деп те аталады. Мұндай атаулардың бәрі сананың белгілі объектіге шоғырлануындағы адамның адамның шешуші рөлін көрсетеді. Сананың әрекеттің белгілі шартымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын ырықты зейін дейміз. Ырықты зейінің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты.
Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Ол көбінесе үлкен кісілерге тән. Бір нәрсені үйрену үшін біз әуелі зейін қойып істейміз де, кейін ол үйреншікті зейінге айналады.
Слайд 11 с информацией о кадрах
Назарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |