Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ – 9 АЙЛЫҒЫНДА БАЛА



Pdf көрінісі
бет19/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ – 9 АЙЛЫҒЫНДА БАЛА:
1. 
Cүйеусіз бірнеше минут бойы нық отыра алмайды;
2. 
Eтбетінен немесе төрт аяқтап тұрған немесе шалқасынан 
жатқан күйден өз бетінше отыра алмайды;
3. 
Етбетінен немесе төрт аяқтап еңбектемейді;
4. 
Орындықта отырған күйден, тізерлеп тұрған күйден сүй-
еніштен ұстап тұрып өз бетінше тұра алмайды
5. 
Сүйенішті қос қолдап ұстаған күйі тұра алмайды немесе 
тұруға тырысады, бірақ дене салмағының басым бөлігін 
қолдарына, кеудесіне, ішіне аударады (сүйенішке қолда-
рымен, кеудесімен, ішімен «ілініп» тұрады»);
6. 
Қос қолдап ұстап, сүйеніштің жанында тұра алады, бірақ 
табаны жерге толық тимейді (аяғының ұшына сүйеніп 
тұрады);
7. 
Қозғалыссыз, сондай-ақ, қозғалысты әртүрлі дене қалыпта-
рында асимметрия байқалады (мысалы, тек бір бүйірінен 
ғана аударылады, отырады; отырғанда, тұрғанда дене сал-
мағы тек бір жағына ғана ауады, дененің және аяқ-қолда-
рының оң және сол жақтарының қимыл-қозғалысы көлемі 
мен сапасы жағынан қатты өзгешеленеді). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет